Жаңалықтар

...
ҚҰҚЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ ДОКТОРАНТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ СЕРТИФИКАТ ИЕГЕРІ
2024 ж. 17 мам., жм, 11:54

2023 жылдың қараша айынан басталып 2024 жылдың мамыр айы аралығында өткізілген Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі мен The World Bank бірігіп ұйымдастырған «Ұлттық бірыңғай тестілеуді бағалау жүйесін жетілдіру» атты тренингі өтті. Осы ірі жобаға  Құқық жоғары мектебінің докторанты Кожахметова Саулет Ғазизқызы қатысып 2024 ж. 14 мамырда Министрдің қолынан сертификат табысталды. 

Бұл Жобаның өткізілуі онлайн және офлайн нысанында 180 сағат көлемінде жүргізілді, оған еліміздің барлық өңірінен әр түрлі сала (ҰБТ пәні) бойынша 350 маман қатысты. 

Тренингтің басты мақсаты – тест тапсырмаларын халықаралық тәжірибеге сәйкес әзірлеуді және оларға сараптама жүргізуді  тапсырма  әзірлеушілері мен сарапшыларды, сонымен қатар ҰТО қызметкерлерін үйрету болды.

Төрт ірі кезеңнен құралған Тренинг аясында әрбір пән бойынша мамандар тест тапсырмаларын әзірлеу мен талдауды, тестологиядағы озық әдістемелерді меңгерді. Жоба барысында шетелдік мықты мамандар - эксперттер және отандық сарапшылар тренинг жүргізді (Эмили Джонс, Иване Миндадзе, Давид Габелая, Кэтрин Паркс және т.б.).   

Ең күрделі кезеңі бұл соңғысы болды, тапсырмаларды бағалау мен психометриялық талдау жасауды үйрену. Әрбір маман тестология бағыты бойынша өзінің біліктілігін арттырып, жаңа кәсіби дағдылар қалыптастырды. 

Жалпы, тестология саласындағы біліктілікті арттыру кәсіби дағдыларды күшейтіп қана қоймай, ҰБТ және жалпы білім беру жүйесіне инновацияларды тиімді енгізуге мүмкіндік береді.

Осы ірі жобаның қорытындысы ретінде, келісімшарттың орындалуы туралы Ашық семинар өткізілді. Оған Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігінің министрі Саясат Нурбек мырза, вице-министрлер және де Ginger-SOFRECO білім департаментінің директоры Хьюг Темпл-Бойер мырза, NFER бағалау маманы және жоба директоры Дженни Хсие ханым, ҰТО директоры Болатбек Абдрасилов мырза және т.б. қатысты.


...
ҚҰҚЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ PHD ДОКТОРАНТЫ ВАРШАВА УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТТІ
2024 ж. 17 мам., жм, 11:51

Құқық жоғары мектебінің 2 курс докторанты Кожахметова Саулет Ғазизқызы 2024 ж. 11 сәуірден 11 мамыр аралығында Варшава қ. Польша мемлекетінің Варшава университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. 

Инновациялық технологиялар мен ғылым жетістіктерінің жаңалықтарымен танысу ғылыми тағылымдаманың мақсаты болып табылады. 

Варшава университеті (пол. Uniwersytet Warszawski) – 1816 ж. құрылған, әлемдік үздік университеттердің 3% кіретін Польшаның ең үздік жоғары оқу орыны. Берілген мәліметтерге сүйенсек 2023 ж. бойынша онда 40 мыңнан аса студент білім алуда, оларға 100 ден аса гуманитаралық, әлеуметтік және жаратылыс тану бағыттары бойынша Оқу бағдарламаларына қол жетімді. 

 Білім алушылар 35 әр түрлі әлем тілдерінде білім алуда. QS World University Rankings 2023 ж. қорытындысы бойынша Варшава университеті 262 орында.     

Кожахметова С.Г. ғылыми тағылымдамасы Саясаттану және халықаралық қатынастар факультетінде өтті. Бұл факультет 1975 ж. құрылған.Факультетте оқу процессі мемлекеттік тілде және де ағылшын тілдерінде өткізіледі, мысалы: Political Science, International Relations и European Politics and Economics and etc.

Саясаттану және халықаралық қатынастар факультеті Орталық Еуропадағы ең ірі ғылыми-зерттеу институттарының бірі болып табылады. Факультет құрамында 20-дан астам ғылыми гранттарды жүзеге асырып, жұмыс істейтін 180-нен астам ғылыми қызметкерлер бар. Факультетте 3500 ден аса студенттер және 100 ге жуық докторант білім алуда. Жыл сайын факультеттің ғылыми жетістігі ондаған басылымға көбеюде: мақалалар, мерзімді баспа, монографиялар, оқулықтар мен ғылыми іс шаралар: конференциялар мен семинарлар және т.б. Факультет халықаралық ынтымақтастық аясында шет елдердің университеттерінің 250 жуық ғылыми орталықтарымен келісдерге қол жеткізген. 

Факультетті 2020 жылдан бастап хаб. д-р пан Даниель Пшастек (Daniel Przastek) басқаруда.  

С.Г. Кожахметованың тағылымдамасына жетекшілікті оның шет елдік ғыылми кеңесшісі хаб. д-р пан Яцек Залесны (Dr hab. Jacek Zalesny) жүзеге асырды.  

Пан Яцек Залесны – поляк саясаттанушысы, конституциялық құқық саласындағы бейімделген заң ғылымдарының докторы, Варшава университеті саясаттану және халықаралық қатынастар факультетінің және де Лазарский университетінің академиялық оқытушысы. Ол 2004 ж. гуманитарлық ғылымдар докторы одан кейін 2016 ж. бейімделген заң ғылымдарының докторы атанды. Dr hab. Jacek Zalesny, сонымен қатар конституциялық құқықтан Поляк қоғамының мүшесі болып табылады.  

Ғылыми тағылымдамадан өту барысында жоспарланған барлық шаралары орындалып, алдына қойған мақсатына  С.Г. Кожахметова жете білді (толығырақ Есепте көрсетіледі).  


...
Биолог-студенттер «ГМА адам денсаулығына зиянды ма, әлде әлемдегі азық-түлік мәселесінің шешімі ме?» тақырыбында дебат өткізді
2024 ж. 17 мам., жм, 09:49

Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің «Биология» мамандығының 2-3 курс студенттері қауымдастырылған профессор м.а. М.Ж.Жұмағұл жетекшілігімен «ГМА адам денсаулығына зиянды ма, әлде әлемдік азық-түлік мәселесінің шешімі ме?» тақырыбында пікірталас өткізді.

Генетикалық түрлендірілген организмдер – ХХ ғасырдағы биотехнологияның басты жетістігі. Халық арасында «ГМА» деп аталатын бұл өнім гендік инженерия арқылы жасалған жасанды генотип болып табылады.

«Үкімет» тобы ГМА табиғаттың миллиондаған жылдар бойы жасаған биоценоздардың жойылуына әкеліп соғатынын және адамдарға немесе олардың ұрпақтарына әсер ететінін дәлелдеді. Ал, «Оппонентер» тобы адамның дені сау, белсенді болуы үшін тағамның өте құнарлы әрі сапалы болуы керектігін дәлелдеп, салауатты жағына тоқталды.

Пікірталас барысында тыңдаушылар жаңа деректермен және ақпараттармен танысып, осы тақырып бойынша білімдерін кеңейтіп, тереңдете түсті. Пікірталастың жеңімпазы болып тамаша дайындық пен нанымды дәлелдер көрсеткен «Үкімет» тобы атанды.

...
ИННОВАЦИЯҒА АЛҒА: "AIU BUSINESS INNOVATION" ИНКУБАЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ СӘТТІ АЯҚТАЛУЫ
2024 ж. 15 мам., ср, 09:43

Қазіргі уақытта инкубациялық және акселирациялық бағдарламалар Инновациялық жобаларды сәтті іске қосу үшін қажетті сараптамалық сүйемелдеуді ұсына отырып, Қазақстандағы жас кәсіпкерлерді қолдаудың негізгі тетігіне айналды. Әр түрлі студенттік инкубаторлар тәжірибелі мамандардың басшылығымен өсіп, дами алатын стартап-жобалар үшін қолайлы орта жасайды.

2024 жылдың 28 сәуірінде Экономика жоғары мектебі "AIU BUSINESS INNOVATION" 3-ші инкубациялық бағдарламасы аясында кезекті Demo Day өткізді. Бір айдың ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер бизнес-идеяларды қалыптастыру, маркетингтік және қаржылық жоспар құру, сондай-ақ көпшілік алдында сөйлеу дағдылары бойынша оқудан өтті. Demo Day-да ұсынылған 19 жобаның ішінде өзінің жаңалығы мен әлеуетімен ерекшеленетіндер болды. Бұл стартап жобалар әлеуметтік бағыттан IT-шешімдерге дейінгі қазіргі әлемнің нақты мәселелерін шешуге қабілетті идеялардың кең спектрін ұсынды. Кейбір жобаларда жұмыс прототиптері немесе тіпті алғашқы клиенттік базалар болды, бұл олардың одан әрі өсу және масштабтау әлеуетін растады. 

Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдауға: Астана халықаралық университетінің президенті С.А. Ирсалиев, "QazInnovations" АҚ Басқарма төрағасы С. Ж. Аханов, Астана халықаралық университетінің стратегиялық даму және цифрландыру жөніндегі вице-президенті Т. М. Шайхутдинов, сондай-ақ сарапшылар мен жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер келді.

Іс-шара нәтижелері бойынша кәсіпкерлерге "QazInnovations" АҚ гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуға мүмкіндік беретін сертификаттар табысталды.


...
«ӨРЕЛІ ҰРПАҚ» ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК МЕКТЕБІНДЕ ҚОҒАМ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БИЗНЕСТІҢ БЕЛСЕНДІ БӨЛІГІ
2024 ж. 15 мам., ср, 07:45

«Өрелі ұрпақ» әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінің аясында біздің тыңдаушылар Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік кәсіпкерлік (бастамалар, жағдайлар, тәжірибелер), Қазақстанда және әлемде әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау шаралары, шығармашылық ойлау және әлеуметтік инновация, әлеуметтік бизнестің қаржылық аспектілері, әлеуметтік кәсіпорынды басқару туралы тренингтер өтті. Тренингтер онлайн және офлайн режимінде болды. Шығармашылық ойлау мен әлеуметтік инновацияны дамыту экономикалық өсудің қозғалтқышына айналады және жаңа жұмыс орындарын құруға және әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге ықпал етеді. 2024 жылдың 24 мамырында біз Әлеуметтік идеялар байқауына ең үздік әлеуметтік жобаларды күтеміз. ҮЕҰ академиясы жобасының https://academy- ngo.kz/ веб-сайтындағы хабарландыруларды қадағалаңыз.

...
Сән табиғатты қорғайды!
2024 ж. 15 мам., ср, 05:31

Биылғы оқу жылында Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінде «ЭкоНавигатор» жобасы іске қосылды. Жоба аясында студенттер қалада болып жатқан экологиялық оқиғалар мен іс-шараларды бақылап, осы іс-шаралар туралы ақпаратты әлеуметтік желілер арқылы тарата отырып, тұрғындардың экологиялық хабардарлығының артуына өз үлестерін қосады. 

ЭкоНавигатордың бірінші хабары - отандық дизайнерлердің сән көрсетілімі.

Қазіргі әлемде сән шығармашылық құралы ғана емес, сонымен қатар қоғам назарын қазіргі заманның маңызды мәселелеріне аударудың қуатты құралына айналуда. 🌿💡Қойылымды тамашалаған эколог-студенттер Damira Bal брендінің «Дети пустыни» концептуалды топтамасын атап өтті. 🏜️✨Қазіргі уақытта сән әлемінде брендтер мен дизайнерлердің экологиялық мәселелерге назарларын аудара бастағанын байқап отырмыз.

«Дети пустыни»  топтамасы сәнді киімдер ғана емес, бұл экологиялық жауапкершілікке және планетамыздың болашағы үшін су ресурстарының маңыздылығын түсінуге шақыратын дауыс. 🌱💧 Топтама ертеңгі әлемнің қандай болатынын мұнай емес, су ресурстары анықтайтыны туралы идеяны паш етеді. 🌟

Топтаманың авторы Дамира Ирсалиева қойылым алдында сөз сөйлеп, көрермендердің назарын су тапшылығы мәселесіне аударды: «Біз сіздермен бірге осы мәселеге қоғамның назарын аударғымыз келеді. Ғаламшардың болашағы және әрбір баланың болашағы біздің қолымызда!» Мұндай топтамалар тек сән әуесқойларын ғана емес, планетамыздың тағдырын ойлайтындардың барлығын шабыттандырады деп ойлаймыз.💚 #Шөл балалары #Экология #Тұрақтылық #ХабарменСән

...
Эколог-студенттердің пәндік олимпиадаларға алғашқы қатысуы!
2024 ж. 3 мам., жм, 12:45

Пәндік олимпиаданың мақсаты – дарынды жастарды қолдау және дамыту, сондай-ақ қоршаған ортаға саналы және жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру. Олимпиадаларға қатысу экологиялық проблемалар туралы білімдерін кеңейтуге және тереңдетуге, оқушылардың сыни ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі.

2024 жылдың 23-24 сәуірінде «Экология және қоршаған ортаны пайдалану» мамандығының 2 курс студенттері Нағашыбаева Қаракөз, Нуртазаева Аяжан және Наменова Гүлдана Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде экология пәнінен өткен халықаралық онлайн олимпиадада 3 орынға ие болды.

Сондай-ақ, 2024 жылдың 24-26 сәуір аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан ғылыми-зерттеу университетінде өткен республикалық олимпиадаға эколог студенттер қатысты. Біздің университетті Қазақстанның 17 ЖОО арасында 5-орынға ие болған «Экология және табиғатты пайдалануды пайдалану» мамандығының 3 курс студенттерінен (Абуова Тамирис, Ермек Мөлдір, Шәлтік Асылжан) құрама командасы лайықты түрде таныстырды.

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз және студенттерді дайындаған PhD, ЖҒЖМ аға оқытушысы Карабалаева Айман Бейсемьаевнаға үлкен алғысымызды білдіреміз.

...
Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің мансап күні
2024 ж. 3 мам., жм, 12:38

Мансап күні аясында Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің «Рекреациялық география және туризм» мамандығының студенттері куратор Нуркуйган Ауезованың сүйемелдеуімен «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешеніне барды. Экскурсия барысында студенттер лагерьде болған жан түршігерлік оқиғалар мен олардың тарихи жағдайларымен танысуға мүмкіндік алды.

Студенттердің бойында отансүйгіштік пен адамгершілікті қалыптастыру мұндай экскурсиялардың басты мақсаты екені сөзсіз. Бірақ туризм саласында оқитын студенттер үшін мұражайлар да кәсіби қызығушылық тудырады. Мұражайлар тарихтың сақталуы мен дамуын қамтамасыз етіп, халықтың этномәдени ерекшеліктерін жеткізеді. Мәдени-тарихи туризм – туризмнің ең танымал және кең таралған түрлерінің бірі. Көптеген тарихи, мәдени және географиялық ескерткіштерге ие Қазақстанның мәдени туризмді табысты дамытудың әлеуеті зор!