Түлектерге

МУА ресми сайтына АРНАЛҒАН АҚПАРАТ

Астана Халықаралық университетінің "Мансап орталығы" студенттерге жұмысқа орналасу мәселесінде көмек көрсету мақсатында 2023 жылы құрылған.

AIU "Мансап орталығы" қызметінің негізгі бағыттары кәсіби тағылымдамалар, мансап және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультациялар беру, курстар мен тренингтер өткізу, студенттерді еңбек нарығымен таныстыру болып табылады.

"Мансап орталығы" студенттерге бос жұмыс орындары туралы ақпаратпен танысуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта келесі компаниялармен келісімдерге қол қойылды: Beam.kz және hh.kz. Осы компаниялар ынтымақтастық жұмысқа орналасу процесін жүйелеуге және жеңілдетуге мүмкіндік береді.

 "Мансап" орталығының миссиясы - әр студентке жеке көзқарас, түйіндеме жасауға, мансапты жоспарлауға және дамытуға, жұмысқа орналасуға көмектесу.

 Подробный гайд по работе на сайте Beam.kz (скачать)


ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТ!

Біздің университет www.beam.kz тегін платформасын енгізуді бастайды.

 

Мұнда сіз:

ü Бос жұмыс орындарын, тағылымдамаларды және өндірістік тәжірибелерді таба аласыз;

ü Біздің оқу орнымыздың және жұмыс берушілердің іс-шараларына қатыса аласыз;

ü Мамандығыңыз бойынша пайдалы мазмұн ала аласыз және мансапты жоспарлай аласыз;

ü Жұмыс берушілердің қызметі және олардың командасы туралы көбірек біле аласыз;

ü Профильді толтырып оны түйіндеме ретінде пайдалана аласыз.

 

Қазір тіркеуден өтуді ұсынамыз www.beam.kz.

 

Төмендегі сілтемеден сіз платформаны пайдалану туралы бейне нұсқаулықты көре аласыз

https://www.youtube.com/watch?v=pCfPdtKq-pA

 

Сондай-ақ, сіз hh.kz сайтын пайдалана аласыз.

 hh.kz -ТМД-дағы жұмыс пен қызметкерлерді іздеу сайттарының ішіндегі ең ірісі (SimilarWeb рейтингі бойынша).

Жасалған және жаңартылған түйіндемелер саны бойынша Қазақстандағы көшбасшы.

 

Құрметпен, Астана Халықаралық университетінің Мансап орталығы