Әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің мақсаты:
мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша университетте тәрбие үрдісін ұйымдастыру;
студент жастардың шығармашылық әлеуетін кәсіби қалыптастыру және өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасау, жаңа жарқын дарындарды анықтау және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
университеттің білім алушылары мен қызметкерлерінің тұрғын үй мәселелері жөніндегі жұмысын бақылауды және реттеуді ұйымдастыру;
университетте жұмыс істейтін шығармашылық ұжымдардың жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру.
қоғам мен жеке тұлғаның дене мәдениетін, адамның жеке, әлеуметтік дамуындағы рөлі туралы тұтас түсінікті қалыптастыру;
Әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің атқаратын қызметі:
университет студенттерінің құқыққа қарсы әрекеттерінің алдын алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
студент жастар үшін байқаулар, конкурстар, фестивальдер ұйымдастыру;
білім алушыларға түрлі гранттар алуға арналған облыстық, республикалық конкурстарға, шығармашылық байқауларға, дебаттарға және т. б. қатысу үшін көмек көрсету;
білім алушыларды медициналық қолдауды қамтамасыз ету бойынша медициналық кабинеттің жұмысын үйлестіру;
студенттік жатақханалардағы орындарды есепке алу және бөлу;
студенттік жатақханалардың жиһазбен, жабдықтармен, төсек-орын жабдықтарымен және басқа да керек-жарақтармен жабдықталуын бақылау;
жұмыс жоспарына сәйкес әртүрлі деңгейдегі мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
ведомстволық, жоғары оқу орындары арасындағы, аудандық, қалалық, өңірлік және халықаралық іс-шараларға (фестивальдар, конкурстар) қатысу және жеңістер арқылы университеттің шығармашылық имиджін құру және нығайту.