Жаңалықтар

...
AIU халықаралық сахнада өнер мен дәстүрді ұштастырды
2025 ж. 24 қаз., жм, 10:23

2025 жылдың 26–28 қыркүйек күндері Түркістан қаласында «Түркістан – қолөнершілер қаласы» атты халықаралық қолөнершілер көрмесі өтті. Іс-шараны ЖШС  «Turkistan туристтік ақпараттық орталығы» ұйымдастырды.

Аталған көрмеге Астана Халықаралық университетінің Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің оқытушысы, зергер Сержан Баширов арнайы шақырылып, өз туындыларын көпшілік назарына ұсынды. Ұстаздың ерекше қолтаңбасы бар зергерлік жұмыстары көрме қонақтары мен сарапшылар тарапынан жоғары бағаланды.

Көрменің басты мақсаты – қолөнер шеберлерін біріктіріп, олардың туындыларын кең аудиторияға таныстыру, сондай-ақ ұлттық және заманауи қолданбалы өнерді қолдау болды. Іс-шара аясында шеберлік сабақтары, мәдени бағдарламалар мен шығармашылық кездесулер ұйымдастырылды.

Айта кетсек, 2025 жылы Түркістан қаласы Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесінің (World Craft City) шешімімен керамика бойынша «Қолөнершілер қаласы» мәртебесін иеленді. Бұл мәртебе Түркістанның бай мәдени мұрасы мен дәстүрлі шеберлігінің халықаралық деңгейде мойындалғанын көрсетті.

 

...
2025 жылғы Халықаралық олимпиададағы химиктердің жетістігі
2025 ж. 24 қаз., жм, 09:21

15–17 қазан аралығында Түрікменстанның Ашхабад қаласындағы Махтумқұлы атындағы Түрікмен мемлекеттік университетінде жоғары оқу орындарының студенттері арасында IV Халықаралық химия олимпиадасы өтті. Олимпиада жеке жарыс түрінде ұйымдастырылды. Біздің университеттің студенттері ғылыми бағыттағы студенттермен тең дәрежеде А санаты бойынша бақ сынады.

Екінші жыл қатарынан осындай халықаралық деңгейдегі олимпиада мен конференцияға қатысқан Каиров Нурлан (7М01503 – «Химия» мамандығының 1 курс магистранты) және Акрамов Асланбек (6В01503 – «Химия» мамандығының 2 курс студенті) қола медаль иегерлері атанып, жеке есеп бойынша III орынды иеленді. Осылайша, біздің команда соңғы 4 жыл ішінде барлығы 9 медаль жеңіп алды: Каиров Нурлан («2025 жылдың үздік студенті» атағының иегері) – 3 күміс және 2 қола, Кали Асанали – 1 күміс, Акрамов Асланбек – 1 күміс және 2 қола медаль.

Олимпиадаға Ресей, Румыния, Қытай, Қазақстан, Калмыкия, Италия, Иран, Ұлыбритания, Әзербайжан, Армения, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен 24 шетелдік жоғары оқу орнынан 250-ден астам студент және 23 түрікмен университетінен 150 студент қатысты. Қазылар алқасына Түрікменстан мен шетел профессорлары, сондай-ақ Жапониядан келген тәуелсіз сарапшылар кірді. Олимпиадалық тапсырмалар 5 пән бойынша ғылыми әрі күрделі деңгейде дайындалған және оларға 4 сағат уақыт берілді (2024 жылғы олимпиадада 8 сағат бөлінген болатын).

Студенттер сонымен қатар «Химияны оқыту әдістемесін жетілдірудегі инновациялық технологиялардың рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда баяндама жасап, халықаралық сертификаттарға ие болды.

Биылғы олимпиаданың ерекшелігі – біздің университет тарихта алғаш рет олимпиада ашылу салтанатын қазақстандық қатысушы Каиров Нурланға тапсыру және жабылу рәсімін AIU университетіне сеніп тапсыру болды.

Халықаралық олимпиадалар студенттер арасындағы достық қатынасты нығайтып, жастарға химия саласындағы заманауи әлемдік тәжірибемен танысуға және кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.

21.10.2025 жылы біздің команда жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Құттықтау сөзін Бірінші вице-президент Анар Базарқызы, Педагогикалық институт директоры Жанна Қуанышқызы, кафедра меңгерушісі Ерлан Сырымұлы және профессор Бинұр Хабасқызы айтты. Студенттер AIU Президенті Серік Азтаевич Ирсалиевтің атынан алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

Қатысуға мүмкіндік бергені үшін университет басшылығына — Президент Серік Азтаевичке, Бірінші вице-президент Анар Базарқызына, Қаржы директоры Алмас Тынышбайұлына, ПИ директоры Жанна Қуанышқызына, сондай-ақ табиғи ғылымдар кафедрасының оқытушыларына алғыс білдірді. Студенттерге одан әрі интеллектуалдық даму мен кәсіби шыңдалуды тіледі.Топ жетекшісі – п.ғ.к., доцент Нургалиева Д.А. Сонымен қатар бүгінгі таңда  Мусабаева Бинур Хабасовна, Медеубаева Балжан Заруетовна, Жумагалиева Жаркын Жакиевна, Нургазина Гульнар Мурзакановна, Болысбекова Салтанат Манарбековна, Утемисова Арайлым Жубаткановна, Ораз Сымбат Альхановна, Сагынбаева Акнур Бакытжановна, Мараткызы Алуа қатарда оқытушыларды өз үлестерін қосуда.

 

 

 

 

...
AIU студенттері химия пәні бойынша өткен IV Халықаралық студенттік олимпиаданың жүлдегерлері атанды
2025 ж. 22 қаз., ср, 13:21

Бүгін Түрікменстанның Ашхабад қаласындағы Махтумқұлы атындағы Түрікмен мемлекеттік университетінде химия пәні бойынша IV Халықаралық студенттік олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Astana International University үлкен қуанышпен хабарлайды.
Атап айтсақ, магистратураның 1-курс студенті Қайыров Нұрлан және бакалавриаттың 2-курс студенті Акрамов Асланбек аталған олимпиадада қола медаль иегерлері атанды.

Қатысушылардың ғылыми жетекшісі - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрғалиева Дәмен Ауқылқызы студенттерді дайындаудағы еңбегі мен қолдауы үшін ерекше алғысқа ие болды.

Жеңімпаздар мен жетекшіге университет президентінің алғыс хаттары мен естелік сыйлықтары табысталды. Бұл жетістік - AIU студенттері мен оқытушыларының жоғары дайындық деңгейі, табандылығы мен ғылымға деген адалдығының айқын дәлелі.

 

...
AIU профессоры Исидор Борчашвили студенттерге қылмыстық құқық бойынша бірегей басылымдарды сыйға тартты
2025 ж. 22 қаз., ср, 08:10


2025 жылғы 21 қазан күні Astana International University-дің «Құқықтану» және «Халықаралық құқық» мамандықтарының екінші курс студенттері үшін айрықша күн болды.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Жоғары құқық мектебінің оқытушысы Исидор Шамилұлы Борчашвили игі дәстүрін жалғастырып, болашақ заңгерлерге қымбат сый тарту етті — Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне арналған үш томдық «Түсіндірме» еңбегінің 110 жинағын табыстады.

Профессордың бұл игі бастамасы оның құқықтық білім беруді дамытуға және кәсіби әрі жауапты жаңа буынды даярлауға деген адалдығын айқын көрсетеді. Сыйға берілген бұл еңбектер оқу үдерісіне маңызды үлес қосып, заңнаманы, құқық қолдану тәжірибесін және ғылыми зерттеулерді терең меңгеруде сенімді білім көзіне айналмақ.

Aстана Халықаралық университетінің  басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы және студенттері Исидор Шамилұлы Борчашвилиге Жоғары құқық мектебінің дамуына қосқан баға жетпес үлесі мен жас мамандарды қолдауы үшін шынайы алғыс білдіреді.

Astana International University өз профессорларымен мақтанады — олар ғылымға, білімге және қоғамға қызмет етудегі адалдығымен студенттерге үлгі болуда.

...
Академиялық ұтқырлық бағдарламаларына өтінім қабылдау ашылды
2025 ж. 20 қаз., дс, 06:09

2025–2026 оқу жылының көктемгі семестріне арналған сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасына өтінім қабылдау басталды. Бағдарлама шеңберінде студенттер мен магистранттар Әзербайжанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Бакудегі Баку мемлекеттік университетінде (БМУ) білім алу мүмкіндігіне ие болады.

БМУ рейтингі:

  • QS World University Rankings 2026: әлем бойынша – 688-орын, Әзербайжанда – 1-орын
  • QS Subject Rankings 2025: «Мұнай-газ инженериясы» – 151–175 орын, «Математика» – 501–600 орын
  • Times Higher Education: 1501+

Бағдарлама туралы ақпарат:

  • Оқу кезеңі: 2025–2026 оқу жылының көктемгі семестрі
  • Оқу орны: Әзербайжан, Баку қаласы
  • Оқыту тілі: орыс және ағылшын тілдері

Кімдер өтінім бере алады?

Бакалавриат студенттері:

  • СО негізінде 2–3 курс

Магистранттар:

  • 1 курс
  • Қысқы қабылдау  – 2 курс

 Қатысу талаптары:

  • GPA: 4 балдық көрсеткіш бойынша кемінде 3.3 болуы шарт.
  • Тіл деңгейі: орыс тілі – B2 және жоғары / ағылшын тілі – B2 және жоғары
    (IELTS немесе TOEFL сертификаты құпталады)
  • Мотивациялық хат: орыс немесе ағылшын тілінде

 Өтінімдерді қабылдау мерзімі:

  •  2025 жылғы 20 қазан – 20 қараша
  • Сұхбат күні: 2025 жылғы 24 қараша

 Өтінім беру тәртібі:

Төмендегі сілтеме арқылы өтіп, қажетті құжаттарды (мотивациялық хат, IELTS/TOEFL сертификаты, транскрипт және т.б.) тіркеңіз:
 
https://forms.gle/Atxxb6DtUa9zuDwj6

 Шетелдік үздік университетте білім алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Жауаптылар - Жоғары оқу орнынынан кейінгі және  және академиялық ұтқырлық бөлімі — 221-кабинет.

...
Агрохакатон-2025: AIU студенттері республикалық финалға жолдама алды
2025 ж. 17 қаз., жм, 09:54

2025 жылдың 14 қазанында Астанада «Инновациялар. Тұрақтылық. Болашақ» атты Агрохакатон өтті. Байқауға 20-дан астам команда қатысты. Олардың ішінде AIU, Экономика жоғары мектебінің Бизнес-инкубаторы және Энактус клубының студенттерінен құралған алты команда жоғары дайындық деңгейі мен инновациялық идеяларын көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Астана Халықаралық университетінің Энактус командасы «Sabi Track» жобасымен жеңіп алды. Команда құрамында студенттер: Құсайынова Дильназ, Отарбек Әдемі, Мұқашева Камилла, Мұқамбаев Тимур, Сүлейманова Амина, Еспембет Бекзат, Мақсотұлы Әділет және Вагнер Вадим қатысты. Олардың жобасы инновациялық тәсілдемесі мен елдегі өзекті мәселелерді шешудегі әлеуеті үшін төрешілерден жоғары бағаланды.

Енді AIU командасы 2025 жылдың 24 қазанында Астана қаласында өтетін Республикалық байқаудың финалында өз жобасын ұсынуға дайындалуда. Студенттерімізге сәттілік және жаңа жеңістер тілейміз!

 

 

...
ЭКОНОМИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ СЕРІКТЕСІ – SWISS INSTITUTE OF TECHNOLOGY AND ENTREPRENEURSHIP (SITE) GLOBAL AI OLYMPIAD 2025 БАЙҚАУЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ
2025 ж. 17 қаз., жм, 04:44

Астана халықаралық университеті Швейцарияның  Swiss Institute of Technology and Entrepreneurship, SITE,  стратегиялық әріптестікте ұйымдастырылған жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиада — Global AI Olympiad жобасының іске қосылғанын қуана хабарлайды. Олимпиаданың басты ерекшелігі – ресми швейцариялық дипломы бар SITE бакалавриат бағдарламасына 3 жылдық толық грант ұтып алу мүмкіндігі. Сонымен қатар, қатысушылар жасанды интеллект саласындағы заманауи трендтермен танысып, болашақ кәсіби дамуына қажетті практикалық дағдыларды меңгереді.

Global AI Olympiad деген не? Бұл үш апталық тәжірибеге бағытталған AI курсы. Оған онлайн дәрістер, тікелей сессиялар және тапсырмалар кіреді. Модульдер: AI негіздері мен модельдері, жұмыс пен коммуникацияға арналған AI, креативті және визуалды AI, видео мен мультимедиа, AI-агенттер мен процестер, этика және трендтер. Тәжірибе: AI-ассистенттер, брендтер, мультимедиа және жобалар жасау. Финал: үздік қатысушылар жобаларын қорғайды және сұхбаттан өтеді.

AI бүгінде барлық салаларды өзгертуде – бизнестен медицинаға дейін, білім мен ойын-сауықты қоса алғанда. Prompt engineering, креативті құралдар, этика және AI шешімдерін біріктіру сияқты дағдылар студенттерге үлкен бәсекелестік артықшылық береді. Болжам бойынша, 2030 жылға қарай AI мамандарына деген сұраныс 10 есе артады.

Нәтиже: Барлық қатысушыларға халықаралық SITE сертификаты беріледі. Жеңімпаздар SITE бакалавриат бағдарламасына толық грант ұтып алады.

Қатыса алады: Жоғары сынып оқушылары, мектеп бітірушілер, бакалавриаттың 1-курс студенттері және болашақ мансабы үшін AI меңгергісі келетін барлық адам. Қатысу толық онлайн өтеді – ноутбук пен интернет жеткілікті.

Барлық қатысушылар сертификат пен практикалық дағдылар алады. Ең үздіктеріне құны $10 000 тұратын толық гранттар беріледі (мамандықтар: Business Analytics, Financial Technology, Digital Marketing, Strategic Communication).

Тіркелу мерзімі: 2025 жылғы 25 қыркүйек – 15 қарашаҚатысу құны: $100 (оқу және тапсырмаларды қамтиды), https://sitegeneva.com/ai_olympiad

 

...
Қауіпсіздік және жауапкершілік: AIU студенттерінің мемлекеттік органдар өкілдерімен кездесуі
2025 ж. 17 қаз., жм, 04:12

2025 жылғы 16 қазан күні Astana International University студенттердің құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылықтардың алдын алу және қоғамда жауапкершілікті мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында құқық қорғау және мемлекеттік құрылымдар өкілдерімен кездесу өткізді.

Шара барысында қонақтар студенттерге өз тәжірибелерімен бөлісіп, қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

  • Багдаулет Рысдавлетұлы Оспанбаев, Астана қаласы Полиция департаментінің киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл бөлімшесінің бастығы, полиция майоры, киберкеңістіктегі заманауи қауіптер мен жеке деректерді қорғау шаралары туралы баяндады.
  • Абзал Ануарбеков, жол-көлік оқиғаларына шығу бойынша кезекші инспектор, полиция капитаны, жол-көлік оқиғаларының себептері мен салдары жөнінде айтып, жол жүру ережелерін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
  • Арман Нұрахметұлы, Дін істері басқармасының теологы, өз сөзінде рухани қауіпсіздік, діни экстремизмнің алдын алу және жастар арасында төзімділік құндылықтарын қалыптастыру мәселелерін қозғады.

Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, құқық қорғау және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдың маңызды қырларын талқылады.

Іс-шара студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға, цифрлық қауіпсіздік туралы білімін кеңейтуге және университет пен мемлекеттік құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.

 

 

 

 

 

...
ЭКОНОМИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ МОСКВАДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУДА
2025 ж. 16 қаз., бс, 13:54

2025 жылдың 1 қыркүйегінен 30 желтоқсанына дейін Экономика жоғары мектебінің 6В04122 «Халықаралық бизнес» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын Дарья Баленко, Аида Дулатова, Ульяна Мухамбеталиева және 6В04111 «Маркетинг» бағдарламасының студенті Дилдора Эргашева Мәскеу қаласындағы Ұлттық зерттеу университеті «Жоғары экономика мектебінде» академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алуда.

Дилдора Эргашеваның айтуынша: «Мәскеуде оқу — бұл тек білім ғана емес, әлемге деген жаңа көзқарас сыйлайтын ерекше тәжірибе. Маған менеджмент, ұйымдастырушылық мінез-құлық және психология пәндері қатты ұнайды — олар адамдарды және өзімді тереңірек түсінуге көмектеседі. Осындай үлкен әрі шабыттандыратын қалада оқу мүмкіндігіне ие болғаныма қуаныштымын».

Ұлттық зерттеу университеті «Жоғары экономика мектебі» — Ресейдегі экономика, басқару, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Мұндай университетпен серіктестік студенттер үшін кең академиялық және кәсіби мүмкіндіктерге жол ашады.

Академиялық ұтқырлық студенттерге бірегей білім алу тәжірибесін иеленуге, ой-өрісін кеңейтуге, жаңа білім беру ортасына бейімделуге және басқа елдер мен аймақтардағы болашақ әріптестерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Бұл – бәсекеге қабілетті әрі жаһандық ойлайтын мамандарды даярлаудағы маңызды қадам.

...
Astana International University-де Литва Республикасының Елшісімен кездесу өтті
2025 ж. 16 қаз., бс, 12:50

Бүгін Astana International University қабырғасында Литва Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Эгидиюс Навикаспен кездесу өтті. Кездесудің басты тақырыбы – Қазақстан мен Литва арасындағы жоғары білім, академиялық ұтқырлық және халықаралық білім беру бағдарламалары саласындағы ынтымақтастықты дамыту болды.

Кездесуге Astana International University президенті Серік Ирсалиев, университет басшылығы мен халықаралық ынтымақтастық бөлімі өкілдері қатысты. Тараптар студенттер мен оқытушылардың алмасу бағдарламалары, бірлескен ғылыми конференциялар мен тағылымдамаларын ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстан мен Литва университеттері арасындағы қос диплом бағдарламаларын дамыту мәселелерін талқылады.

Эгидиюс Навикас өз сөзінде білім беру саласының Қазақстан мен Литва арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықтың маңызды бағыты екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай бастамалар халықтар арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтуға, білім мен мәдениет алмасуына жол ашады.

Өз кезегінде Astana International University президенті Серік Ирсалиев литвалық тарапқа қызығушылығы мен қолдауы үшін алғыс білдіріп, халықаралық әріптестіктің университеттің серпінді дамуы мен әлемдік білім кеңістігіндегі беделін арттырудағы стратегиялық маңызын атап өтті.

Кездесу өзара құрмет пен ашық пікір алмасу атмосферасында өтіп, екі тараптың да білім және ғылым саласындағы екіжақты байланыстарды одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін көрсетті.