Педагогикалық институт студенттері Президенттік стипендия иегерлері атанды

2026 ж. 6 нау., жм, 04:50

Педагогикалық институттың студенттері жоғары академиялық жетістіктері,

ғылыми белсенділігі және қоғамдық өмірге қосқан үлесі үшін Қазақстан

Республикасы Президентінің стипендиясына ие болды.

Аталған жоғары марапатқа келесі студенттер лайық деп танылды:

 Есенов Мадияр Амангельдыевич – 6В01703 «Шет тілі: екі шет тілі»

білім беру бағдарламасының 3-курс студенті;

 Шертанова Меруерт Бериковна – 6В01502 «Биология» білім беру

бағдарламасының 3-курс студенті;

 Буланин Артем Романович – 6В01501 «Информатика» білім беру

бағдарламасының 4-курс студенті.

Президенттік стипендия студенттердің білім мен ғылым саласындағы жоғары

жетістіктерін, шығармашылық әлеуетін және кәсіби дамуға деген ұмтылысын

бағалайтын маңызды қолдау шараларының бірі болып табылады.

Педагогикалық институт ұжымы студенттерімізді осы жетістіктерімен шын

жүректен құттықтап, алдағы уақытта да жаңа табыстар мен биік белестерді

бағындыруларына тілектестік білдіреді.


147