Жаңалықтар

...
AIU-да ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Олег Копыловтың қонақ дәрісі өтті
2026 ж. 16 нау., дс, 12:58

2026 жылы 16 наурызда Astana International University-де Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) Бас хатшысының Ресей Федерациясынан тағайындалған орынбасары Олег Копыловпен маңызды кездесу өтті. Мәртебелі мейманның сапары ұйымның 25 жыл мерейтойымен тұспа-тұс келді. 

Іс-шара Олег Копыловтың университет басшылығымен ресми кездесуінен бастау алды. Тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастықтың келешегін және ШЫҰ бастамаларын дамытудағы академиялық ортаның рөлін талқылады. Кездесу «Халықаралық қатынастар» және «Аударма ісі» бағдарламаларының студенттеріне арналған қонақ дәріспен жалғасты.

Баяндама ұйымның ширек ғасырлық тарихына арналды. Спикер ШЫҰ-ның қалыптасу кезеңдеріне, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөліне және қатысушы мемлекеттер арасындағы экономикалық әрі мәдени-гуманитарлық байланыстарға тоқталды. Болашақ дипломаттар мен аудармашылар үшін бұл шара ең ірі халықаралық ұйымдардың бірінің ішкі жұмыс барысымен танысып, Еуразия кеңістігіндегі өзекті мәселелер бойынша тікелей сұрақ қоюға берілген бірегей мүмкіндікке айналды.


...
AIU алаңында Қазақстанның стратегиялық бағыты талқыланды
2026 ж. 16 нау., дс, 05:59

Бүгінгі таңда халықаралық қатынастар жүйесі бірқатар өзгерістерді бастан кешіруде. «Орта державалардың» рөлі геосаяси бәсекелестіктің күшеюі мен әлемдік экономикалық архитектураның қайта құрылуы барысында ерекше маңызға ие болуда. Мұндай алмағайып заманда мемлекеттің ішкі институционалдық тұрақтылығы мен жаңаруға қабілеттілігі оның жаһандық аренадағы орнын айқындайтын басты фактор.

Аталған өзекті мәселелерді талқылау мақсатында Astana International University (AIU) қарасты CFive аналитикалық платформасы «Өзгермелі әлемдік жүйе барысындағы Қазақстан: саяси реформалар және институционалдық трансформация» атты халықаралық эксперттік дискуссия өткізді. Жиынға Конституциялық референдум барысын бақылауға келген беделді шетелдік сарапшылар мен халықаралық журналистер қатысты.

Іс-шараны ашқан AIU Президенті Серік Ирсалиев ел дамуының стратегиялық векторын айқындауда сарапшылық диалогтың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, академиялық орта мен халықаралық сарапшылардың интеграциясы мемлекеттік жаңғыру процестерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Талқылау барысында халықаралық аналитиктер Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесін заманауи талаптарға сай бейімдеу және саяси институттарды нығайту мәселелеріне баса назар аударды. Өз кезегінде Альберто Туркстра (Diplomatic World), доктор Доменико Пальмиери (ISIA), доктор Малгожата Самоедны (OIFA), Уэсли Александр Хилл (ITIC) және Ральф Винни (Америка-Еуразия орталығы) сынды сарапшылар Қазақстанның институционалдық тұрақтылығы мен демократиялық бағыттағы қадамдарына кәсіби талдау жасады.

Кездесудің маңызды нәтижесі ретінде CFive аналитикалық платформасы мен Итальяндық Азия институты (ISIA) арасындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Бұл құжат екі елдің зерттеу орталықтары арасындағы академиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеріп, бірлескен ғылыми жобаларға жол ашады.

Ресми бөлімнен кейін қатысушылар еркін форматта пікір алмасып, Қазақстанның жаңа геосаяси жағдайдағы мүмкіндіктерін жан-жақты пайымдады. Бұл кездесу AIU-дың тек білім ордасы емес, сонымен қатар еліміздің болашағына қатысты маңызды шешімдер мен идеялар талқыланатын ірі интеллектуалды хаб екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

 

...
ЭКОНОМИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНДЕ «ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК – ЛАЙЫҚТЫ ЕҢБЕКТІҢ НЕГІЗГІ ДРАЙВЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДЕБАТТАР ӨТТІ
2026 ж. 16 нау., дс, 04:31

2026 жылғы 2 наурызда Экономика жоғары мектебінде «Гендерлік

теңдік – лайықты еңбектің негізгі драйвері» тақырыбында дебат өтті (ТДМ 5,

8 аясында). Дебат үшін үш раундқа арналған сұрақтар дайындалды. Олардың

қатарында: гендерлік теңдік – ерлер мен әйелдер арасындағы табыс

айырмашылығын қысқартудың негізгі тетігі ме, гендерлік теңдік сақталған

компаниялар неғұрлым табысты бола ма және лайықты еңбек үшін қайсысы

маңыздырақ: кәсіби дағдылар ма, әлде тең мүмкіндіктер ме деген сұрақтар

болды.

Дебатты ұйымдастырушы – қауымдастырылған профессор Буткенова

А.К. Қазылар алқасының құрамында PhD, қауымдастырылған профессор

Окутаева С.Т., МУА-ның PhD, қауымдастырылған профессоры Насырова

А.М., сондай-ақ 3 курс студенттері Әлім Айлина (Экономика 23 Б) және

Алькеев Надир (Маркетинг 23 Б) болды.

Дебат қорытындысы бойынша бірінші орынды екі команда бөлісті.

Бірінші команда құрамында Вегнер Вадим (Қаржы 25 Б) және Турғанбай

Алуа (Маркетинг 25 Б). Екінші команда да бірінші орынды иеленді: Нуркеев

Алмаз (Маркетинг 23 Б) және Жуматаева Сымбат (Қаржы 24 Б). Үшінші

команда – Берикова Камалия (Қаржы 24 Б) және Қасымқан Аруна (Қаржы 24


Б) – екінші орынды иеленді. Студенттерімізді құттықтаймыз және оларға

алдағы уақытта үлкен жетістіктер тілейміз!

...
ЭКОНОМИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ AGRITEK/FARMTEK ASTANA 2026 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ
2026 ж. 16 нау., дс, 04:29

«Менеджмент» (23Б), «Маркетинг» (24А), «Қаржы» (24А) және

«Экономика» (23Б) білім беру бағдарламаларының 2 және 3 курс студенттері

AGRITEK/FARMTEK ASTANA 2026 атты 21-ші Халықаралық

мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысты.

Іс-шара э.ғ.к., доцент Қадырова Г.А. және PhD, доцент Бейсекова П.Д.

жүргізетін «Инновацияларды басқару», «Бизнес-процестерді басқару», «Сату

технологиялары» және «Экономика және қаржы саласындағы ғылыми

зерттеу әдістемесі» пәндерін оқу аясында ұйымдастырылды (ТДМ 4. Сапалы

білім. ТДМ 9. Өнеркәсіп, инновациялар және инфрақұрылым).


Көрмеге қатысу тәжірибеге бағытталған оқытудың маңызды бөлігі

болды. Ол студенттерге агроөнеркәсіптік кешеннің дамуындағы заманауи

үрдістермен, инновациялық технологиялармен және ауыл шаруашылығы

саласындағы жаңа шешімдермен танысуға мүмкіндік берді. Көрме

барысында студенттер ауыл шаруашылығы техникасының озық

әзірлемелерімен, агробизнеске арналған цифрлық технологиялармен,

өндірістік процестерді автоматтандыру жүйелерімен және ауыл

шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттырудың заманауи әдістерімен

танысты. Сонымен қатар қатысушылар компания өкілдерімен, сала

мамандарымен және сарапшылармен пікір алмасуға мүмкіндік алды. Бұл

олардың кәсіби білімдерін кеңейтіп, аграрлық сектордың даму

перспективалары туралы түсініктерін арттырды. Халықаралық көрмеге

қатысу студенттердің кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға, зерттеу

дағдыларын дамытуға және экономиканың нақты секторында инновациялар

мен бизнес-процестерді басқарудың практикалық аспектілерін түсінуге

ықпал ететін құнды білім беру тәжірибесіне айналды.

...
АIU-де профессор Манат Мұстафаның ашық дәрісі өтті
2026 ж. 13 нау., жм, 11:23

2026 жылғы 13 наурызда Astana International University қабырғасында елімізге танымал ғалым, Назарбаев университетінің қауымдастырылған профессоры Манат Мұстафаның қатысуымен мазмұнды ашық дәріс ұйымдастырылды. Іс-шара университеттің академиялық ортасын дамыту мен студенттердің интеллектуалды әлеуетін арттыру мақсатында өткізілді.

Дәріс барысында спикер өзінің көпжылдық ғылыми зерттеулері мен қазіргі заманғы математиканың іргелі бағыттарына кеңінен тоқталып, математикалық логика, есептеу теориясы және сандар теориясы сияқты күрделі салалардың бүгінгі таңдағы маңыздылығы мен олардың практикалық қолданысы туралы өзекті ақпараттар берді. Профессор қазіргі ғылымдағы жаңа тенденциялар мен жаһандық зерттеулердің бағыттарын талдап, математикалық білімнің болашақ технологиялар мен алгоритмдерді қалыптастырудағы рөлін ашып көрсетті.

Кездесу барысында халықаралық ғылыми ортадағы жұмыс тәжірибесі мен ғылыми жобаларды жүзеге асырудың ерекшеліктері туралы баяндады. Студенттер мен жас зерттеушілер өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, ғалымнан кәсіби кеңестер алды. Сұрақ-жауап кезеңінде есептеуіш математиканың заманауи мәселелері мен ғылыми ізденіс жолындағы маңызды қадамдарды талқылады.

Іс-шараға университеттің оқытушылары, магистранттары мен студенттері белсене қатысып, бұл кездесу ғылымдағы өзекті тақырыптар бойынша еркін пікір алмасу алаңына айналды. Мұндай кездесулер жастардың ғылыми қызығушылығын оятуға, академиялық қауымдастық арасындағы тәжірибе алмасу үдерісін нығайтуға және болашақ отандық зерттеушілердің кәсіби тұрғыда қалыптасуына айтарлықтай септігін тигізеді.

...
Психологиялық Қызметтің Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебіндегі «Ашық есік күні»
2026 ж. 13 нау., жм, 04:48

Университеттің Психологиялық Қызметі студенттерге арналған

Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебінде «Ашық есік

күнін» өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің психологиялық

сауаттылығын арттыру, қауіпсіз әрі қолдау көрсететін студенттік ортаны

қалыптастыру және психологиялық көмек туралы ақпарат беру.

Іс-шара барысында студенттер мазмұнды кездесулер ұйымдастырылды.

AIU Психологиялық Қызмет басшысы, психолог Венера Елеу «Жеке шекара

және қауіпсіздік: сталкингтің алдын-алу» жүргізілген вебинар барысында

қатысушылар жеке шекара ұғымы, оны қорғау жолдары, сталкингтің

белгілері және мұндай жағдайлардың алдын алу туралы маңызды ақпарат

алды. Сонымен қатар, қауіпсіз мінез-құлық дағдылары мен көмекке жүгіну

жолдары түсіндірілді.

«Студенттік ортадағы қарым-қатынас мәдениеті және психологиялық

қауіпсіздік» тақырыбында AIU психологы Ботагоз Жасұланқызымен кездесу

аясында студенттік ортадағы құрметті қарым-қатынас, жеке шекараны сақтау,

буллингтің алдын алу және психологиялық қауіпсіз ортаны қалыптастыру

мәселелері талқыланды.

Іс-шара барысында студенттер психологтармен ашық диалог жүргізіп,

өздерін толғандыратын тақырыптарды талқылауға мүмкіндік алды.

...
Астана халықаралық университетінде мектеп математикасының өзекті мәселелері талқыланды
2026 ж. 12 нау., бс, 10:18

Астана халықаралық университетінде «Математикалық апталық» аясында «Мектеп

математикасының өзекті сұрақтары: тәрбие, ғылыми жұмыстар, әдістеме»

тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара мектеп пен университет арасындағы кәсіби

байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ педагог кадрларды даярлау сапасын арттыруға

бағытталды.

Дөңгелек үстел жұмысына Астана қаласы әкімдігінің №54, 56, 66, 83, 102, 107

мектептерінің, сондай-ақ Ы. Алтынсарин және Ә. Бөкейхан атындағы BINOM

мектептерінің тәжірибелі ұстаздары қатысты. Университеттің профессор-оқытушылар

құрамы, жас зерттеушілер және педагогикалық білім беру бағдарламаларының

стейкхолдерлері қатысып, мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы өзара іс-әрекеттің

өзекті бағыттарын талқылады.

Кездесу барысында мектеп математикасын оқытудың қазіргі мәселелері,

оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын дамыту, олимпиадалық

дайындық, сондай-ақ болашақ математика мұғалімдерін даярлау сапасын жетілдіру

мәселелері кеңінен қарастырылды.

Сонымен қатар, қатысушылар педагогикалық білім беру бағдарламаларын жаңарту,

олардың мазмұнын қазіргі білім беру талаптарына және мектеп тәжірибесіне сәйкес

жетілдіру бағытында ұсыныстарын білдірді. Бұл тұрғыда мектеп мұғалімдері мен

университет оқытушылары арасында ашық пікір алмасу жүргізіліп, білім беру

бағдарламаларын жетілдіруге қатысты нақты ұсыныстар айтылды.

Дөңгелек үстел стейкхолдерлермен тиімді өзара әрекеттестікті дамытуға, педагогикалық

білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша ұсыныстар жинауға және мектеп пен

университет арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды алаң болды.

...
AIU психологтары мен студенттері «PSYGLOBAL» халықаралық форумына қатысты
2026 ж. 12 нау., бс, 03:59

17–21 қараша 2025 жылы Turan University ұйымдастырған «Psycho»

халықаралық психологиялық зерттеулер форумы аясында 20

қарашада «PSYGLOBAL» психология апталығының іс-шарасы өтті. Осы

шараға Astana International University-дан психология мамандығының

оқытушысы, психолог Сапарова Гүлнұр Танысқабайқызы спикер ретінде,

ал 4 курс студенттері қонақ ретінде шақырылды.

Университет қонақтарды жылы қарсы алып, ұйымдастыру деңгейі өте жоғары

болды. Форум барысында 5 спикер өз тәжірибелерімен, кәсіби көзқарастарымен

және психология саласындағы өзекті тақырыптармен бөлісті. Әр спикердің сөзі

мазмұнды, терең әрі практикалық болды.

Ең қызықты сәттердің бірі – студенттердің белсенділігі. Олар спикерлерге

көптеген сұрақ қойып, пікір алмасып, нақты жағдайлар бойынша кеңестер

сұрады. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

«PSYGLOBAL» бізге жаңа білім, жаңа эмоциялар мен шабыт сыйлаған керемет

шара болды. Осындай мүмкіндік бергені үшін Turan University ұжымына

алғысымызды білдіреміз!

...
AIU-да мемлекеттік реформалар туралы халықаралық пікірталас өтеді
2026 ж. 11 нау., ср, 05:45

2026 жылдың 14 наурыз күні біздің университетіміздің «CFive» сараптамалық орталығында «Өзгермелі әлем: Қазақстандағы саяси реформалар мен жаңарулар» атты халықаралық кездесу өтеді. Бұл жиынға әлемнің түкпір-түкпірінен келген мықты мамандар мен отандық сарапшылар қатысады. Олар Қазақстандағы саяси өзгерістер мен жаңа мемлекеттік жүйенің қалай дамып жатқанын талқылайды.

Қазір бүкіл әлемде үлкен өзгерістер болып жатыр. Осындай уақытта Қазақстанның әлемдік деңгейдегі рөлі артып келеді. Елімізде мемлекеттік басқаруды жаңарту және заңдарды нығайту бойынша үлкен жұмыстар атқарылуда. Бұл реформалар біздің болашағымызға, соның ішінде жастардың сапалы білім алып, жақсы жұмысқа орналасуына тікелей әсер етеді. Кездесу барысында Еуропа мен Америкадан келген сарапшылар өз ойларын ортаға салып, Қазақстанның болашағы туралы пікір алмасады.

Жиында Бельгия, Италия, Польша және АҚШ-тың беделді халықаралық ұйымдарының басшылары мен сарапшылары сөз сөйлейді. Бұл біздің студенттер мен талапкерлер үшін әлемдік деңгейдегі мамандарды көріп, олардың ойын тыңдауға таптырмас мүмкіндік.

Уақыты мен орны:

Кездесу соңында қонақтармен еркін форматта сөйлесіп, кофе үстінде сұрақ қоюға мүмкіндік болады.

...
Халықаралық Астана университетінде қытай тілі бойынша халықаралық емтихан өтті
2026 ж. 10 нау., сс, 12:44

2026 жылғы 7 наурызда Астана қаласындағы Халықаралық Астана

университеті базасында жұмыс істейтін Бейжің тіл және мәдениет

университетінің филиалында қытай тілін меңгеру деңгейін анықтауға

арналған халықаралық компьютерлік HSK және HSKK емтихандары өтті.

Қазіргі уақытта бұл орталық Астана қаласында қытай тілі бойынша

халықаралық емтихандарды компьютерлік форматта тапсыруға болатын

жалғыз ресми тестілеу орталығы болып табылады.

Емтихан сессиясына барлығы 144 адам қатысты. Олардың қатарында

Қазақстан азаматтарымен қатар шетелдік қатысушылар да болды. Емтихан

филиал қабырғасында төртінші рет өткізіліп отыр. Бұл қытай тілін үйренуге

деген қызығушылықтың артып келе жатқанын және білім беру саласындағы

халықаралық ынтымақтастықтың нығайып келе жатқанын көрсетеді.

Келесі HSK және HSKK компьютерлік емтиханы 2026 жылғы 11

сәуірге жоспарланған. Емтиханға тіркеу наурыз айының соңында ашылады.


Тіркелу және емтиханға қатысу мәселелері бойынша WhatsApp нөмірі

арқылы хабарласуға болады: +7 777 001 3913.

...
AIU студенттері мен оқытушылары италиялық дизайнер Джованни Оттонелломен кездесті
2026 ж. 9 нау., дс, 14:06

2026 жылғы 27 ақпанда Fashion дизайн және Графикалық дизайн білім беру бағдарламаларының студенттері мен оқытушылары Giovanni Ottonello мырзамен кездесті. Ол – European Institute of Design институтының Мода және дизайн институтының директоры, арт-директоры (Италия).

 

Кездесу халықаралық ынтымақтастықты дамыту аясында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қонақ сән және дизайн саласындағы кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, Еуропадағы заманауи дизайн индустриясының даму үрдістері туралы әңгімеледі. Сонымен қатар халықаралық деңгейде білім алу және шығармашылық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері жөнінде ақпарат берді.

 

Кездесу барысында студенттер мен оқытушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, еуропалық дизайн мектептеріндегі білім беру ерекшеліктері туралы пікір алмасты.

 

Мұндай кездесулер студенттердің кәсіби көкжиегін кеңейтіп, халықаралық байланыстарды нығайтуға және сән, графикалық және заманауи дизайн салаларында тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.