AIU Педагогикалық институты Астана қаласының педагогикалық сынып оқушылары үшін кәсіби бағдар беру сабақтарын өткізді

2025 ж. 3 жел., ср, 07:42

2025 жылғы 2 желтоқсанында AIU педагогикалық институтының оқытушылары мен студенттері № 92 мектепте Астана қаласы 74 ОМ, 86 ОМ және 92 ОМ педагогикалық сыныптарының оқушыларымен кезекті сабақтарды өткізді.

          П.ғ.к., қауымдастырылған профессор Т.Д. Абжаков «Эссе жазу кезіндегі қателіктермен жұмыс» тақырыбында презентацияны қорғады, ал «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенттері Овчинникова Валерия мен Окунева Ангела - 19 ғасырдағы орыс әдебиеті бойынша интерактивті ойын мен ЖИ қолдануымен «Әдеби кейіпкерлермен әңгіме» рөлдік ойынды. Мектеп оқушылары осы ойындарға белсенді қатысып, өз білімдерін көрсетті.

          «География» ББ өкілі магистр, аға оқытушы Г.Т. Байгукин оқушыларға «Мамандықты дұрыс таңдау» тақырыбын таныстырды. Содан кейін «География» мамандығының 3 курс студенті Набихан Миірханмен бірге экспресс-сауалнама және «Педагог 2040» пен «Мектепке жұмысқа қабылдау» атты рөлдік ойындар өткізді. Оқушылар тапсырмаларға қызығушылықпен қосылып, белгіленген уақытта оларды орындауға тырысты.

          Сабақ соңында Т.Д. Абжақов университет туралы бейнеролик ұсынды, негізгі мамандықтармен, мектептермен, қызмет бағыттарымен таныстырды және оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Сөз сөйлеу барысында студенттер қатысушыларға кәсіби бағдарлау ақпараты бар буклеттер мен брошюраларды таратты.


1149