Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің мансап күні

2024 ж. 3 мам., жм, 12:38

Мансап күні аясында Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің «Рекреациялық география және туризм» мамандығының студенттері куратор Нуркуйган Ауезованың сүйемелдеуімен «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешеніне барды. Экскурсия барысында студенттер лагерьде болған жан түршігерлік оқиғалар мен олардың тарихи жағдайларымен танысуға мүмкіндік алды.

Студенттердің бойында отансүйгіштік пен адамгершілікті қалыптастыру мұндай экскурсиялардың басты мақсаты екені сөзсіз. Бірақ туризм саласында оқитын студенттер үшін мұражайлар да кәсіби қызығушылық тудырады. Мұражайлар тарихтың сақталуы мен дамуын қамтамасыз етіп, халықтың этномәдени ерекшеліктерін жеткізеді. Мәдени-тарихи туризм – туризмнің ең танымал және кең таралған түрлерінің бірі. Көптеген тарихи, мәдени және географиялық ескерткіштерге ие Қазақстанның мәдени туризмді табысты дамытудың әлеуеті зор!


308