«Астана халықаралық университеті Қазақстандағы білім беруді интернационалдандыру бойынша оқыту семинарын құптайды»

2024 ж. 4 мам., сб, 12:09

04.05.2024ж. Астана халықаралық университетінде Қызылорда Қорқыт Ата университеті AP14872046 «Қазақстандағы жоғары білім беруді интернационалдандыру негізінде білім алушылардың лингвомәдени құзыреттіліктерін дамыту» атты гранттық жоба жетекшісі мен мүшелерінің ұйымдастыруымен «Шетелдік серіктес университеттерімен білім беруді интернационалдандыру» тақырыбында семинар-тренинг жүргізілді. 

Семинар барысында жоба мүшелерінің баяндамалары оқылды, “Teambuilding” тренингі, сұрақ-жауап жұмыстары жасалынды. Семинар-тренингке Астана қаласы университеттерінен 50-ден аса профессор-оқытушылар қатысты және семинар соңында қатысушыларға сертификат табысталды.



494