Жаңалықтар

...
Информатика білім беру бағдарламаларын жаңғырту бойынша академиялық комитеттің кеңейтілген отырысы өтті
2025 ж. 18 сәу., жм, 08:20

2025 жылдың 01 сәуір күні  Информатика ББ ұйымдастыруымен 2025 қабылдау бойынша білім беру бағдарламаларын талқылау мақсатында 6В01501 — "Информатика", 7М01501 — "Информатика"білім беру бағдарламалары академиялық комитетінің отырысы өткізілді. Іс-шараға Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ: Балғынбаева Карина Галиахметқызы – PhD, Назарова Айдана – ББ 8D01501 «Информатика» докторанты. Астана қалалық білім бөліме қарасты жұмыс берушілер жалпы білім беретін орта мектепттерден Егеубаева Жанара Бақытжанқызы - №16 Т.Айбергенов аатындағы ОМ., Мұхышева Гүлмира Мирашқызы - І.Есенберлин  атындағы №67 гимназия, Қожахметова Шолпан Олжекенқызы - Шәкәрім атындағы №56 мектеп-лицейінен информатика пәнінің мұғалімдері,  ЖОО профессор-оқытушылар құрамы: Дамекова С.К. — PhD, Информатика ББ жетекшісі, Бамұратова Диларам Бекбулатқызы – PhD, Жамалова Самал Арынқызы – аға оқытушы, Мәлік Олжас Жанатұлы – аға оқытушы, Абилова Перизат Нұрхатқызы – аға оқытушы, Мырзаева Жансая Лесбаевна – аға оқытушы, бітіруші түлектер және магистранттар: ББ 7М01501 «Информатика» 2 курс магистранттары, мен ББ 6В01501 «Информатика» 2 курс ТИПО студенттері,  бакалавр студенттері қатысты.

ЖОО арасындағы байланысты нығайту мақсатында мектеп мұғалімдері болашақ жас мамандарды дайындауда білім беру бағдарламаларына қатысты ойларын айтып, ұсыныстар жасады. Жұмыс берушілерден ұсыныстар: 1. AI көмегімен жобаға негізделген тапсырмалар арқылы тәжірибеге бағытталған оқытуды күшейтіңіз; 2. Дипломдық жобаларды дайындау тәсілдерін жаңарту, студенттерді АИ (онлайн курстар, симуляторлар, білім беру қосымшалары) көмегімен білім беру IT өнімдерін әзірлеуге бағыттау.

ББ өзектендіру бойынша ұсыныстар:

1.пәндер тақырыбындағы өзгерістер:

-Веб-дизайн пәніне генеративті ЖИ-пен жұмыс істеу бөлімін қосу (Midjourney, DALL E, Runway ML).

-«Жасанды интеллект» пәнінде тәжірибелік сабақтарға нейрондық желілердің API көмегімен тапсырмаларды енгізу.

2.Оқыту нәтижелеріне толықтырулар:

-Жасанды интеллект көмегімен сандық оқыту шешімдерін әзірлеу дағдысы.

Алдағы оқу жылындағы өзгерістер, қосар мамандық бойынша ойлар ортаға салынып, пікірлер тыңдалды.

...
AIU: Педагогикалық институтта «STEM BATL» интеллектуалдық сайысы өтті
2025 ж. 18 сәу., жм, 08:19

2025 жылдың 9 сәуірінде Педагогикалық институттың «Информатика 24-А» ТиПО тобының бастамасымен (топ кураторы – аға оқытушы Жамалова Самал Арыновна) 1-курс студенттері арасында ИФМ (Информатика, Физика, Математика) бағыты бойынша «STEM BATL» атты интеллектуалдық сайыс өткізілді.

Шараның мақсаты — студенттердің пәндік білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін, ағылшын тілінде жауап беру дағдыларын және командалық жұмысқа деген көзқарастарын дамыту.

Сайыс 4 кезеңнен тұрды:

  1. Логикалық сұрақтар («иә/жоқ» форматында);
  2. Жұмбақтар (ағылшын тілінде оқылып, жауап қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде берілді);
  3. «Ұяшықтар» (информатика, физика, математика бағыттары бойынша сұрақтар);
  4. Практикалық кезең (нақты заттармен логикалық тапсырмалар).

Сайысқа 6 команда қатысты:

  • “IQ team” (Информатика 24-А)
  • “Шабыт stars” (Информатика 24-А)
  • “Ойсанақ” (Математика 24-А)
  • “Шаринган” (Математика 24-А)
  • “Balabol” (Физика 24-А)
  • “Эврикс” (Физика 24-А)

Әділқазылар алқасы:

  • Абилова П.Н – аға оқытушы
  • Мырзаева Л.С – аға оқытушы
  • Жамалова С.А – аға оқытушы
  • Студенттер: Сатжан Аружан, Кенжебеков Елжан (Информатика 24-А)
  • Студенттер: Буланин Артем, Мұхамбетғалы Нұрдәулет (Информатика 22-А)

Сайыс жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар белсенділік танытып, тапқырлықтары мен пәндік білімдерін көрсете білді.

Жеңімпаздар:

  • Бас жүлде – команда “Ойсанақ” (Математика 24-А)
  • І орын – команда “Шабыт stars” (Информатика 24-А)
  • ІІ орын – команда “Эврикс” (Физика 24-А)
  • ІІІ орын – команда “IQ team” (Информатика 24-А)

Алғыс хатпен марапатталған командалар:

  • “Шаринган” (Математика 24-А)
  • “Balabol” (Физика 24-А)

Жеңімпаздар мен үздік командалар арнайы дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды. Шара студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту үшін маңызды алаң болды.

...
AIU магистранты Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де өткен ХХ Халықаралық ғылыми конференцияның жүлдегері атанды
2025 ж. 18 сәу., жм, 08:17

2025 жылғы 12 сәуірде 7М01505 – Физика білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты Бейсеков Асқар Маратбекұлы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен студенттер мен жас ғалымдардың «Ғылым және білім – 2025» атты XX Халықаралық ғылыми конференциясында 3-орынға ие болды.

Асқар Бейсеков «Молекулалық физика курсын оқу барысында студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытудың әдістемелік негіздері» тақырыбында баяндама жасап, ол Физика-техникалық ғылымдар институтының Техникалық физика кафедрасында тыңдалды.

Ғылыми жетекшісі – физика-математика ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, қауымдастырылған профессор Нүркенов Серік Амангелдіұлы.

Магистрантымыз бен оның ғылыми жетекшісін лайықты жетістігімен құттықтаймыз! Ғылыми жолда табыс тілейміз!

...
Израиль Мемлекетінің Елшісі Astana International University-ге сапармен келді
2025 ж. 17 сәу., бс, 06:15

Бүгін, 16 сәуір күні, Astana International University-ге Қазақстан Республикасындағы Израиль Мемлекетінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Эдвин Ябо Глусман ресми сапармен келді.

Университет басшылығымен өткен кездесу барысында жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері талқыланды. Негізгі назар академиялық алмасу, тағылымдамалар бағдарламалары және бірлескен ғылыми зерттеулер перспективаларына аударылды.

Тараптар экономика және су ресурстары сияқты салалардағы серіктестіктің жоғары әлеуетін атап өтті. Бұл бағыттар Қазақстан үшін де, халықаралық академиялық қауымдастық үшін де өзекті болып табылады. AIU өкілдері Бар-Илан университеті мен Холон технологиялар институтын қоса алғанда, бірқатар израильдік университеттермен тікелей байланыс орнатуға қызығушылық білдірді.

Сондай-ақ студенттер мен оқытушылардың халықаралық білім беру бағдарламаларына қатысу формалары және ғылыми-мәдени алмасу аясында бірлескен іс-шаралар өткізу мүмкіндігі қарастырылды.

Кездесу барысында су ресурстарын тиімді басқару мәселелеріне ерекше назар аударылды. Елші Израильдің су тапшылығы мен табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану мәселелерін шешу тәжірибесімен бөлісті. Бұл тәсілдер урбанизация жағдайында су ресурстарын ұтымды бөлу тұрғысынан Қазақстан үшін қызығушылық тудырады.

AIU тұрақты су пайдалану технологияларын дамытуға бағытталған бастамаларға қатысу мүмкіндігін қарастыруда. Осыған байланысты студенттердің зерттеу және тәжірибеге бағытталған жобаларға тартылуы маңызды екенін атап өтті.

Сапар аясында тұрақты даму мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану идеяларына негізделген экономикалық және философиялық тұжырымдамалар да талқыланды. Бұл тақырыптар болашақ бірлескен академиялық пікірталастардың негізі бола алады.

Тараптар Израиль–Қазақстан ынтымақтастық форумы аясында серіктестікті бастауға уағдаласты. Форум 2025 жылғы 21–23 сәуірде Астана қаласында өтеді. AIU-дың осы іс-шараға қатысуы академиялық және ғылыми әріптестікті дамытудың алғашқы қадамы болмақ.

AIU мырза Эдвин Ябо Глусманға жасаған сапары үшін алғыс білдіреді және диалог пен ынтымақтастықтың одан әрі дамуына үміт артады.

...
AIU оқытушысы Ғылым күніне орай жоғары ведомстволық наградаға ие болды
2025 ж. 17 сәу., бс, 05:10

Ғылым күні қарсаңында, 11 сәуірде Astana International University оқытушысы, философия ғылымдарының PhD докторы, қауымдастырылған профессор Нүркенов Серік Амангелдіұлы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Бұл жоғары ведомстволық награда ғылыми саланың дамуына қосқан елеулі үлесі, көпжылдық зерттеу қызметі мен ғылыми-педагогикалық еңбегі үшін берілді. Кәсіби мереке қарсаңындағы бұл марапат тек марапат иесі үшін ғана емес, бүкіл университет үшін де ерекше және маңызды оқиға болды.

Astana International University Серік Амангелдіұлының жетістіктерін мақтанышпен атап өтеді және оны лайықты марапатымен шын жүректен құттықтайды. Жаңа ғылыми жетістіктерге, шабыт пен табысқа толы болашақ қызмет жолыңызға сәттілік тілейміз!

...
AIU өкілдерінің «Дара зерттеуші» мектептік ғылыми жобасына қатысуы
2025 ж. 15 сәу., сс, 07:06

Ғылым күніне орай №101 орта мектепте «Дара зерттеуші» жобасы аясында «Ғылыми жоба – білім жетістігі» атты мектептік ғылыми жобалар байқауы өтті.

Құрметті қонақтар және қазылар алқасының мүшелері ретінде Еуразия ұлттық университетінің және Астана халықаралық университетінің ғалымдары шақырылды.
AIU-дың өкілдері:

·                     Нұрғалиева Дәмен Аукиловна – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, химия, биология және география пәндерінің бағыты жетекшісі;

·                     Нұрғазина Гүлнар Мұрзақанқызы – PhD, химия пәнінің аға оқытушысы.

Байқау аясында 1–11 сынып оқушылары өздерінің ғылыми және шығармашылық жобаларын ұсынып, зерттеу қызметіне деген қызығушылықтарын және өзекті тақырыптарды заманауи тәсілдермен зерделеуін көрсетті.

Барлығы 80 оқушы байқауға қатысты. Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға болашақ кезеңдерде жетістіктер мен ғылыми жолдарына шабыт тіледі.

...
AIU студенті халықаралық ғылыми конференцияда 1-орын алды
2025 ж. 15 сәу., сс, 07:02

2025 жылғы 11 сәуірде Астана халықаралық университетінің «Физика» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Қадыр Ибрагим Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен студенттер мен жас ғалымдардың XX Халықаралық ғылыми конференциясында 1-орын иеленді.

«Solving the Schrödinger Equation in Physics and Modelling Molecular Structures using MATLAB» тақырыбындағы баяндамасы Жалпы және теориялық физика кафедрасының секциялық отырысында ұсынылды. Жұмыста Шрёдингер теңдеуін шешудің заманауи тәсілдері және молекулалық құрылымдарды модельдеу үшін MATLAB бағдарламалық ортасының мүмкіндіктері қарастырылды.

Ғылыми жетекшісі – физика-математика ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, қауымдастырылған профессор Нүркенов Серік Амангелдіұлы.

Студент пен оның ғылыми жетекшісін лайықты жеңісімен құттықтап, ғылыми бағыттағы жаңа жетістіктер тілейміз.

...
AIU-да Жасанды Интеллектті қолданудың теріс әсері және академиялық адалдық тақырыбында семинар өтті
2025 ж. 15 сәу., сс, 07:00

2025 жылдың 11 сәуірінде Astana International University-да «Жасанды Интеллектті қолданудың теріс әсері және академиялық адалдық» тақырыбында семинар өткізілді. Бұл іс-шара білім берудегі ЖИ-ді қолданудың этикалық мәселелері мен академиялық адалдықты қамтамасыз ету әдістерін қарастырды.

Негізгі тақырыптар:

  • Білім беруде ЖИ-ді пайдалану – артықшылықтары мен тәуекелдері.
  • Оқу және ғылыми жұмыстарда ЖИ-ді теріс пайдалану – «елес авторлар», тапсырыс бойынша жұмыстар және контентті автоматты көшіру.
  • ЖИ-көмегімен жасалған плагиат – анықтау құралдары мен адалдықты бағалау.
  • Университеттердегі ЖИ-ді реттеу саясаты – халықаралық тәжірибелер мен ұсыныстар.
  • Академиялық қулықтың алдын алу – студенттерде сыни ойлауды дамыту және адалдық мәдениетін қалыптастыру.

Семинарға қатысушылар жағдайларды талдап, шешімдер ұсынып, жаңа технологияларды қауіпсіз пайдаланудың тәсілдерін талқылады. Іс-шара білім берудегі ашықтық пен этикалық жауапкершілік ортасын құруға үлес қосты.

...
«Қазақтың Қанышы» дөңгелек үстелі: ұлы ғалымның мұрасы
2025 ж. 15 сәу., сс, 06:48

10 сәуір, Ғылым күніне орай, география клубының ұйымдастыруымен Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмірі мен ғылыми мұрасына арналған «Қазақтың Қанышы» атты дөңгелек үстел өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты – академиктің еңбектерін жастар арасында насихаттау, ғылым мен білімге деген қызығушылықты арттыру болды. Дәстүр бойынша оқу жылының басында 1-курс студенттері Медеу Сәрсекенің «Қазақтың Қанышы» кітабын оқып, талқылады.

Іс-шара бағдарламасы:

·                     Қаныш Сәтбаевтың өмірінен сахналық көріністер,

·                     Академик туралы деректі бейнелер,

·                     «XXI ғасыр – Қаныш дәуірі»«Қаныш Сәтбаев – әлемдік тұлға»«Қаныш және ғылыми майдан» тақырыптарына баяндамалар.

Студенттер интерактивті ойындарға белсене қатысып, ашық пікірталас жүргізді, ғалымның ғылыми жолына тағзым етіп, оның мұрасының қазіргі заманға маңызын атап өтті.

Іс-шара соңында аға оқытушы Ақнұр Бақытжанқызы Сағынбаева ең белсенді қатысушыларды алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапаттады.

«Ғылым жолы – нұрлы жол. Сол жолда бірге болайық!»

 

...
№85 мектеп оқушыларымен кәсіби бағдар беру жұмысы өтті
2025 ж. 15 сәу., сс, 06:45

11 сәуір күні Астаналық халықаралық университеттің Педагогикалық институтында №85 мектептің 10-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру кездесуі өтті.

Кездесу барысында оқушыларға университет туралы презентация, оның білім беру бағдарламалары мен мүмкіндіктері ұсынылды. Сондай-ақ, олар AIU-дың студенттік өмірі туралы бейнероликті тамашалап, Педагогикалық институтта қандай мамандықтар бойынша білім алуға болатынымен танысты.

Педагогикалық институттың өкілдері оқушыларға университеттің ресми сайтын көрсетіп, қабылдау ережелері, студенттік жобалар мен AIU-да білім алудың артықшылықтары туралы толық ақпарат берді.

Мұндай кездесулер мектеп оқушыларының болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесіп, педагогикалық білім алуға ынталандырады. Келгендері үшін №85 мектеп оқушылары мен ұстаздарына алғысымызды білдіреміз!

...
Студенттермен суицидтік мінез-құлықтың профилактикасы және менталдық саулықты сақтау тақырыбындағы іс-шаралар циклі
2025 ж. 14 сәу., дс, 11:44

Университетімізде наурыз-сәуір айларында жастар арасында кеңінен тараған өзекті мәселелердің бірі - суцидтің алдын алуға байланысты  Психологиялық кеңес беру орталғының  психологы Елеу Венера Алашыбайқыз өткізген кездесу-лекциялар, топтық консультациялар  ағымы болып өтті. Кездесуде психологиялық саулықты сақтау, менталды саулықтың өмір сапасына әсері, өмір құндылығы, суицидке алып келетін мәселелер, психикалық қиындықтарға тап болған өзіңе немесе жақыныңа қалай көмек қолын созуға болатындығы туралы нұсқаулықтар, студент тарапынан туындаған сұрақтарға жауап беріліп топтық кеңес жүргізілді.  Іс шараға барлық Жоғарғы мектептен  700 ге жуық 1-2 курс студенттері қатысты.