Біздің университетте маңызды оқиға!

2024 ж. 22 шіл., дс, 03:58

Шығыстанушы-ғалым, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизова Астана халықаралық университетінің BLCU филиалы кампусының профессорлық-оқытушылық құрамына жұмысқа қабылданды.

Профессор Хафизова - халықаралық қатынастар тарихы мен Қытайдың Орталық Азиядағы сыртқы саясаты, қазақ-қытай қарым-қатынасы және қазақтар мен жоңғарлар туралы қытай деректері бойынша танымал маман. Сондай-ақ, Клара Шайсұлтанқызы – ғылыми көптеген мақалалар мен монографиялардың авторы, оның ішінде «XIV-XIX ғасырлардағы Орталық Азиядағы Қытай дипломатиясы», «Цин империясының «Қазақ» стратегиясы", «Орталық және Шығыс Азия өркениеттерінің диалогы», «Жібек жолындағы өркениеттер диалогы», «XVIII–XIX ғасырлардағы дала билеушілері және олардың дипломатиясы».

Астана халықаралық университеті мен Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың ынтымақтастығы Қытай тарихы мен сыртқы саясатын оқытуға елеулі үлес қосады, сонымен қатар студенттерге Қытай мәдениеті мен тілін терең игеруге көмектеседі.


646