Astana International University өзінің халықаралық әріптестік желісін дамытуды жалғастыруда

2024 ж. 22 шіл., дс, 03:54

Бүгін, 2024 жылдың 17 шілдесінде Дүниежүзілік банк өкілдері университеттің инфрақұрылымымен, сондай-ақ заманауи техникамен жабдықталған жаңа пәндік кабинеттермен танысты.

Кездесуге қатысушылар әлемдік университеттердің тарихи даму жолын, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы жоғары білім беруді дамыту жөніндегі ұсынымдарын талқылады.

Анықтама: 189 мүше-елден тұратын және 130-дан астам елде филиалдары бар Дүниежүзілік банк тобы дамушы елдерде кедейлікті төмендетуге және жалпы өркендеуді қамтамасыз етуге бағытталған шешімдермен жұмыс істейтін бес ұйымның бірегей жаһандық серіктестігі болып табылады.

Astana International University тәжірибе алмасу және білім беру сапасын жақсарту мақсатында 30-дан астам халықаралық университеттермен және ұйымдармен белсенді ынтымақтасуда.


390