Сәттілікке бір қадам: AIU-да грантқа құжат тапсырыңыз

2024 ж. 10 шіл., ср, 10:35

Құрметті талапкерлер мен ата-аналар!

Astana International Университеті гранттық байқауға қатысу үшін құжат қабылдаудың басталғанын қуана хабарлайды! Бұл өзіңізге мүмкіндіктер әлемін ашу және сапалы білім алу үшін бірегей қадам. Құжаттарды қабылдау 13 шілдеден 20 шілдеге дейін жүзеге асырылады. Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының талапкерлері үшін қабылдау 24 шілдеге дейін жалғасады.

Құжаттарды тапсыру процесі өте ыңғайлы: сіз оларды біздің университеттің қабылдау комиссиялары арқылы офлайн немесе AIU виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы офлайн режимінде жасай аласыз.

Гранттық байқауға қатысу үшін келесі құжаттарды дайындауды ұмытпаңыз:

- 🎓 Жеке куәлік

- 🎓 ҰБТ сертификаты

- 🎓 3х4 өлшемдегі фото

- 🎓 Орта білім туралы аттестат (немесе колледж түлектері үшін диплом)

- 🎓 Жеңілдікті санат бойынша байқауға қатысуға арналған растайтын құжаттар

- 🎓 075/У нысанындағы медициналық анықтама және флюорография суретімен

- 🎓 063 нысанындағы профилактикалық егулер картасы

- 🎓 Әскери есепке тіркеу куәлігі (ұлдар үшін)

- 🎓 Ведомостан үзінді: арнайы емтихан (педагогикалық мамандықтар үшін) немесе шығармашылық емтихан (шығармашылық мамандықтарға түсушілер үшін)

Astana International Университеті студенттеріне үздік білім мен даму мүмкіндіктерін ұсынуға тырысады. Бізбен бірге жарқын болашаққа алғашқы қадамыңызды жасаңыз!


726