PhD доктор, Астана халықаралық университетінің ЗЖМ аға оқытушысы Ибраев А. С. Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының қолдауымен іске асырылатын «Аналитика мектебі» жобасында конкурстық іріктеуден өтті

2024 ж. 5 қаң., жм, 07:56

PhD доктор, Астана халықаралық университетінің ЗЖМ аға оқытушысы Ибраев А. С. Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының қолдауымен іске асырылатын «Аналитика мектебі» жобасында конкурстық іріктеуден өтті. 

Жобаға қатысу үшін 400-ден астам өтінім берілді. Өтінімдерді қарау қорытындысы бойынша конкурстық комиссия 60 қатысушыны іріктеп алды, олардың бірі ЗЖМ аға оқытушысы А. С. Ибраев болып табылады.

«Аналитика мектебі» қоғамдық жобасы мемлекеттік басқарудағы, леуметтік және гуманитарлық зерттеулердегі, БАҚ-тағы аналитикалық тәсілдерді күшейтуге бағытталған.

Іріктеу кезінде жұмыс тәжірибесі мен ғылыми дәрежесі бар, сондай-ақ талдамалық құрылымдарда, мемлекеттік басқару жүйесінде, ұлттық компанияларда, БАҚ-та, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтін кандидаттар артықшылыққа ие болды. Кандидаттардың дағдыларының, ғылыми қызығушылықтары мен зерттеу бағыттарының мектепке іріктеу жүргізілген орнықты дамудың мәлімделген мақсаттарына сәйкестігі де назарға алынды.

Курстың қорытындысы Қатысушылардың талдамалық материалдарды дайындауы болады, олар кейіннен Парламент Сенатының жұмысында пайдаланылатын болады. //https://senate.parlam.kz/ru-RU/news/details/9358



1097