2023 жылдың 2 наурызында Астана халықаралық университетінде «Қалдықтарды бөлек жинау жүйесін енгізу: университеттің қаланың тұрақты дамуына қосқан үлесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты қоршаған ортаның қатты тұрмыстық қалдықтармен ластану проблемасына назар аударту; тұтынуға саналы және жауапты көзқарасты қалыптастыру; қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы субъектілер арасында диалог құру; ынтымақтастық басымдықтарын үйлестіру және шартқа қол қою болды.
Шара АХУ президенті Серік Азтайұлы Ирсалиевтің құттықтау сөзімен басталды. Ол жоғары оқу орындарының қоғамдық дамудағы, оның ішінде экологиялық ойлау саласындағы оң өзгерістердің көзі ретіндегі маңыздылығы артып келе жатқандығын атап өтті. «Астана қаласы бойынша экология департаменті» РММ мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы Ахметова Жансая Айтуарқызы жаңа Экологиялық кодекстің талаптарына сәйкес қалдықтарды басқару туралы баяндады, Севериненко Алена Петровна студенттерді Пластнет желісінің қызметімен, ал Уразгалиева Фарида Кулкожахмедовна – екіншілей шикізат жинаумен айналысатын ВТС Астана-1 кәсіпорнының жұмысымен таныстырды.
Іс-шара барысында студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауаптар алып, шақырылған қонақтарға алғыстарын білдірді.
Дөңгелек үстел аясында ВТС Астана-1 ЖК және Пластнет желісімен ынтымақтастық туралы шарттарға қол қойылды. Осылайша, Астана халықаралық университеті өз аумағында қалдықтарды бөлек жинау жүйесін ресми түрде енгізген Астанадағы алғашқы университет атанды және бұл қадам университеттің елордамыздың тұрақты дамуына қосқан маңызды үлесі!