Тұрақты даму саласындағы мақсаттарды іске асыру
мақсатында Астана
Халықаралық университетінің Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің аға
оқытушысы Ауезова Нұрқұйған Сражадинқызы 2-курс 6B05101 «Биология»
және 6В05203 «Рекреациялық география және туризм» мамандықтарының
студенттерімен бірге «Пайдалы тамақ дайындау» тақырыбында шеберлік сағатын
(мастер-класс) өткізді.
Іс-шара
барысында денсаулыққа пайдалы өнімдер мен олардың адам ағзасы үшін маңызы
туралы презентация ұсынылып, оларды дайындау жолдары бойынша тәжірибелік
мастер-класс ұйымдастырылды.
Мастер-класқа
дзюдодан халықаралық жарыстардың жүлдегері, спорт шебері Аккожин Даулет арнайы
қатысып, пайдалы тағамдар жөніндегі өз ойымен бөлісті. Сонымен қатар, өзі
күнделікті тұтынатын пайдалы сусындарды қалай дайындайтынын көрсетіп,
студенттерге пайдалы кеңестерін ұсынды.
Мастер-класстың
студенттер үшін тәрбиелік мәні зор болды. Себебі, көкөністер мен жемістерден
оңай дайындалатын табиғи сусындардың ағза үшін пайдасы кеңінен түсіндірілді.
Бұл шара студенттердің дұрыс тамақтану мәдениетіне деген қызығушылығын
арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырды.