Astana International University ғылыми жобасы МАГАТЭ Бас директоры Рафаэль Гроссидің дәрісінде таныстырылды









2026 жылғы 22 мамырда Астана қаласындағы Nazarbayev University базасында Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) Бас директоры Рафаэль Гроссидің қонақ дәрісі өтті. «AP26100031 – Халықаралық медиациялық хаб бейбіт қақтығыстарды шешу және ядролық қарусыздану құралы ретінде: Қазақстан мен шетел мемлекеттерінің тәжірибесі» атты ғылыми жобаның ғылыми жетекшісі Шолпан Саймова дәріске тыңдаушы ретінде қатысты.
Өз дәрісінде Рафаэль Гросси Қазақстанның МАГАТЭ-мен ынтымақтастығының перспективаларына, сондай-ақ ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелеріне тоқталды. Ол Қазақстанның жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайтуға және ядролық қаруды таратпау режиміне тұрақты бейілділігін жоғары бағалады. Дәріс соңында Рафаэль Гросси Қазақстанның ядролық энергетиканы дамытуға қажетті ғылыми-техникалық әлеуеті жоғары екенін атап өтті.
Сонымен қатар, AP26100031 ғылыми жобасын іске асыру және 2026 жылға арналған күнтізбелік жоспарды орындау аясында ядролық дипломатияның маңызды халықаралық орталықтарының бірі саналатын Вена қаласында, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздік, қару-жарақты бақылау және ядролық қарусыздану мәселелерін зерттеуге маманданған Стокгольм халықаралық бейбітшілікті зерттеу институты (SIPRI) алаңында ғылыми-зерттеу және сараптамалық кездесулер өткізу жоспарланған
Бөлісу:
Фотогалерея




