Astana International University студенттері физика пәнінен республикалық олимпиадада III орын иеленді






Astana International University-дің «B010 – Физика мұғалімдерін
даярлау» білім беру бағдарламасының студенттері Жеткерген Нұрзат
Алдабергенұлы, Казымов Алихан Саятұлы және Байбосынов Өмір Болатұлы
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасында өткен
XVIII республикалық пәндік олимпиадада жүлделі III орынға ие болды.
Зияткерлік дода Орал қаласында өтіп, еліміздің әр өңірінен келген үздік
студенттердің басын қосты. Қатысушылар теориялық дайындық деңгейін,
практикалық дағдыларын және күрделі кәсіби міндеттерді шешу қабілеттерін
жоғары деңгейде көрсетті.
Олимпиада қорытындысы бойынша Astana International University
командасы физика саласындағы жоғары дайындық деңгейі мен үздік
нәтижелері үшін III дәрежелі дипломмен марапатталды.
Студенттердің ғылыми жетекшісі — Нуркенов Серик
Амангельдинович. Ол қатысушыларды беделді республикалық олимпиадаға
дайындауға зор үлес қосты.
Astana International University ұжымы студенттер мен олардың ғылыми
жетекшісін жарқын жетістіктерімен құттықтап, алдағы уақытта жаңа ғылыми
табыстар, кәсіби өсу және биік белестер тілейді!
Бөлісу:
Фотогалерея




