Эмоцияларды басқару және психологиялық тепе-теңдікті сақтау: Венера Елеудің тренингі

2024 ж. 16 қаз., ср, 06:00

16 қазанда Астана Халықаралық Университетінде психолог Венера

Елеу «Саморегуляция: как управлять эмоциями и сохранять психологическое

равновесие» тақырыбында тренинг өткізді. Іс-шара сағат 11:00-де Бас

корпустың 213 аудиториясында (Қабанбай батыр даңғылы, 8)

ұйымдастырылды.

Тренинг барысында қатысушылар эмоцияларды реттеу, стресс жағдайында өзін-

өзі ұстау және психологиялық тұрақтылықты сақтаудың тиімді әдістерімен

танысты. Психолог саналы тыныс алу, зейінді ауыстыру және релаксация

тәсілдері сияқты практикалық құралдарды ұсынды. Іс-шараға психология

мамандығының студенттері мен оқытушылар қатысып, өзекті сұрақтарын

қойып, пікір алмасты.


75