Елімізде болып жатқан табиғи апаттың салдары бәрімізге мәлім. Бұл жағдай біздің AIU студенттеріміздің туған үйлеріне де өз зардабын тигізгені анық. Еліміздің түкпір-түкпірінен келіп, елорда жүрегінде орналасқан университетімізде білім алып жатқан студенттерімізге әрқашан да қолдау көрсетіп, қол ұшын беруге дайынбыз. Әрбір оқытушы, әрбір студент өз үлесін қосып бір талай іс-шара жасап жатыр. 2024 жылдың 11 сәуір күні Педагогикалық институт ұжымы атынан «Біздің студенттеріміз – біздің балаларымыз» атты қайырымдылық акциясы өткізілді. 17 сәуір күні Педагогика институты студенттері «Charity Fair» қайырылымдылық жәрменкесін өткізді және оған барлық студенттер мен оқытушылар жанашырлықпен өз үлесін қосты.