ЭКОНОМИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНДЕГІ ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҒЫ

2023 ж. 24 қаң., сс, 11:46

Торайғыров университеті (Павлодар қ.) мен Астана халықаралық университеті арасындағы ынтымақтастық туралы шарт негізінде 2022-2023 оқу жылының 1 семестрінде Экономика жоғары мектебінде "Есеп және қаржы" кафедрасымен бірлесіп профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы ұйымдастырылды. Торайғыров университеттің "Есеп және қаржы" кафедрасының профессоры Ж.К. Алтайбаева 2 курс бакалавриатына "Қаржы" мамандығына арналған "Бухгалтерлік есеп және аудит" курсы бойынша оқу сабақтарын өткізді. Торайғыров университеттің студенттеріне академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу сабақтарын экономика жоғары мектебінің профессоры Б.Т. Аймурзина, 2 курс бакалавриатына "Есеп және аудит" мамандығына арналған "Қаржы негіздері" курсын өткізді. Студенттер оқу сабақтары жоғары кәсіби деңгейде өткізілгенін атап өтті.


2440