Қазақстан, Астана, Қабанбай батыр даңғылы, 8
Call center +7 (7172) 47-66-77
+7 (771) 929-02-30
WhatsApp +7 (705) 129-42-82
Канцелярия +7 (7172) 24-36-68
info@aiu.edu.kz
Пекин Тіл және мәдениет университеті
Астанада BLCU филиалының ашылуы Қытай мен Қазақстан үкіметтерінің, сондай-ақ екі жетекші ЖОО-ның бірлескен күш-жігерінің нәтижесі болып табылады. BLCU Қытайдың қытай тілі мен мәдениетіне маманданған жетекші университеттерінің бірі болып табылады. Енді Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің студенттері туған елінен шықпай-ақ қытай тілі мен мәдениеті бойынша сапалы білім ала алады.
Бұл қадам Қытай мен Қазақстан арасындағы білім беру және ғылыми байланыстарды нығайтып қана қоймай, экономика мен мәдениетті қоса алғанда, түрлі салалардағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді. Астанада BLCU филиалының құрылуы біздің елдеріміздің терең өзара іс-қимылын және халықаралық қатынастарды одан әрі дамытуға ұмтылысын айғақтайды.
Бейжің Тіл және Мәдениет Университеті – қытай тілін оқыту бойынша әлемдегі ең үздік жоғары оқу орны. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 1983-1984 оқу жылында осы университетте тілдік тағылымдамадан өткен.
2024 жылдың наурыз айында брэнч-кампусын құру туралы ресми келісім
жасалды. BLCU Қазақстан – Токио мен Бангкоктан кейінгі осы университеттің
үшінші халықаралық брэнч- кампусы.
BLCU Қазақстанның
басты міндеттері мен мақсаттары:
• Қазақстанда
қытай тілін халықаралық стандарттар бойынша оқыту;
• Екіжақты
мәдени алмасуды дамыту;
• Тілдік
білім беру, аударма және мәдениетаралық коммуникация саласында жоғары білікті
мамандар даярлау.
Брэнч-кампус 2024 жылдың 3 шілдесінде Қазақстан мен Қытай мемлекет
басшыларының қатысуымен ресми түрде ашылды. Бұл жоба екіжақты қарым-қатынастар
үшін аса маңызды екенін көрсетеді.
Биылғы оқу жылында 100 студент
Foundation бағдарламасы бойынша білім алуды бастады. BLCU-дің бірегей
әдістемесі негізінде студенттер бір жылдық оқу бағдарламасын аяқтағаннан кейін
HSK қытай тілі бойынша мамандандырылған емтихан тапсырып, 3+1 екі дипломды
бакалавриат бағдарламасына түсуге мүмкіндік алады.
Брэнч- кампусында HSK емтиханын
тапсыру орталығы ашылады (қытай тілі бойынша мамандандырылған емтихан). BLCU
Қазақстанда 3+1 бакалавриат бағдарламасының студенттері екі оқу бағдарламасы
бойынша білім алады:
• Аударма
ісі;
• Екі
шет тілі.
2025-2026 оқу жылында брэнч-кампус
Орталық Азия елдерінен студенттер қабылдауды жоспарлап отыр.