ЖОҒАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘРТЕБЕ: AIU ПРЕЗИДЕНТІ СЕРІК ИРСАЛИЕВ ЖАҺАНДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ШАҚЫРТУ АЛДЫ

Astana International University (AIU) халықаралық деңгейде байланысының кеңеюі аясында тағы бір айтулы жетістікке қол жеткізді. Университет Президенті Серік Азтайұлы Ирсалиев Үндістанда өтетін STAR Scholars Network жаһандық конференциясына ресми түрде шақырту алды.
STAR Scholars Network (Society of Transnational Academic Researchers) — әлемнің түкпір-түкпірінен келген ғалымдардың, зерттеушілер мен жоғары оқу орындары басшыларының басын қосатын, трансұлттық академиялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған беделді халықаралық ұйым. Биылғы желтоқсан айында Үндістанда өтетін бұл ауқымды жиын «Жасанды интеллект және тұрақты даму дәуіріндегі өркендеу» (Flourishing in the Age of AI and Sustainability) тақырыбына арналмақ.
Конференция барысында жасанды интеллект технологияларының білім мен ғылымға әсері, экологиялық тұрақтылық және жаһандық сын-қатерлерге қарсы бірлескен академиялық шешімдер әзірлеу мәселелері талқыланады. Университет басшысының мұндай жоғары деңгейдегі халықаралық сарапшылар алаңына шақырылуы — Серік Азтайұлының отандық және халықаралық білім саласына сіңірген еңбегінің жемісі әрі AIU-дың жаһандық ғылыми қоғамдастықтағы жоғары мәртебесінің айқын дәлелі.
Бөлісу:



