БОЛАШАҚ ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ: AIU ЖӘНЕ «GEONLINE» ПЛАТФОРМАСЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
























2026 жыл, сәуірдің 14і күні Astana International University (AIU) мен ҰБТ-ға дайындалуға арналған танымал отандық «Geonline» білім беру платформасы арасында ресми ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Бұл серіктестіктің басты мақсаты — мектеп түлектеріне сапалы білім беру, Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық үдерісін заманауи цифрлық технологиялар арқылы жетілдіру және болашақ талапкерлерді қолдау. Меморандум аясында қос тарап бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыруды, оқушыларға мамандық таңдау бойынша бағыт-бағдар беру (профориентация) жұмыстарын күшейтуді және заманауи әдістемелік құралдарды қолжетімді етуді жоспарлап отыр.
AIU мен «Geonline» арасындағы бұл алтын көпір мектеп бітіруші түлектердің жоғары оқу орнына еш қиындықсыз бейімделіп, грант иегері атануына жаңа мүмкіндіктер ашады.
Бөлісу:
Фотогалерея










