AIU мен Венгрия ауылшаруашылығы және жаратылыстану ғылымдары университеті халықаралық ғылыми серіктестікке қадам басты



























Бүгін Астана Халықаралық университетіне Венгрия ауылшаруашылығы және жаратылыстану ғылымдары университетінің профессоры, доктор Мария Хён қонақ болды. Университеттің жастар саясаты және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Есбол Есенбайұлы шетелдік ғалыммен арнайы кездесіп, маңызды мәселелерді талқылады. Тараптар алдағы уақытта ғылыми ынтымақтастықты нығайтып, студенттер мен оқытушыларға арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасын жетілдіруді көздеп отыр. Сонымен қатар, «8D05201 Экология және табиғатты пайдалану», «8D05203 Биоэкология» білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңестің жұмысы талқыланды. Екі елдің оқу орындары арасындағы бұл кездесу жаңа мүмкіндіктердің іргетасын қалап, ортақ жобалардың көбеюіне жол ашпақ. Өйткені, басты мақсат – бірлескен ғылыми зерттеулер мен қос мемлекеттің ғалымдары арасындағы тәжірибе алмасуды дамыту.
Шара аясында университеттегі Nature Lab ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі Айдын Ерғалиұлы шетелдік қонақты зертхана жұмыстарымен таныстырды.
Кездесу соңында Астана Халықаралық университетінің жастар саясаты және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Есбол Есенбайұлы мен профессор Мария Хён өзара естелік сыйлықтар алмасып, әрдайым пайдалы бастамаларды қолдайтындарын жеткізді.
Бөлісу:
Фотогалерея










