«Ән – халық қазынасы»: AIU-де Ерболат Шалдыбековпен шығармашылық кездесу өтті

2026 ж. 16 ақп., дс, 07:47

2026 жылы 12 ақпанда AIU қабырғасында «Ән – халық қазынасы» атты

тағылымды шығармашылық кездесу өтті. Іс-шараның құрметті қонағы – Қазақстан

Республикасының мәдениет қайраткері, республикалық конкурстардың лауреаты,

Қазақ ұлттық өнер университеті доценті Ерболат Шалдыбеков болды.

Кездесудің басты мақсаты – ұлттық ән өнерін насихаттау, қазақтың музыкалық

мұрасын дәріптеу және студенттердің шығармашылық ізденісіне қолдау көрсету

болды.

Іс-шара барысында Ерболат Шалдыбеков қазақ ән өнерінің тарихы, халық

әндерінің тәрбиелік мәні мен рухани құндылығы туралы мазмұнды ойларымен

бөлісті. Сонымен қатар, өнер жолындағы тәжірибесі, сахна мәдениеті және жас

орындаушыларға арналған кәсіби кеңестері студенттер тарапынан үлкен

қызығушылық тудырды.

Кездесу аясында қазақтың халық әндері шырқалып, ұлттық музыка өнерінің

тереңдігі мен көркемдігі кеңінен насихатталды. Студенттер белсенді сұрақтар

қойып, еркін пікір алмасты.

«Ән – халық қазынасы» атты кездесу жастардың ұлттық мәдениетке деген

қызығушылығын арттырып, рухани-эстетикалық тәрбиесіне оң ықпал етті. Мұндай

тағылымды шаралар университеттің мәдени-рухани өмірін байытып, білім

алушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға үлкен үлес қосады.


77