2026 жылы 10
ақпан күні Astana International University халықаралық қатынастар
мамандығы студенттері үшін Diplomacy and International Communication
пәні аясында қонақ дәріс өтті. Дәрісті
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының
Дипломатия институтының директоры Алексей Юрьевич
Волков оқыды.
Кездесу барысында
қонақ лектор қазақстан-поляк қатынастарына арналған, сондай-ақ қазақ халқының
фольклоры, музыкасы және шығармашылық мұрасы туралы жарық көрген 10 кітап
жөнінде жан-жақты айтып берді. Сонымен қатар, қазақ музыкасын зерттеуші А. Затаевичтің
еңбектеріне ерекше тоқталды.
Сонымен қатар
спикер өзінің дипломатиялық мансабының қалыптасу жолымен бөлісіп, Төтенше және
Өкілетті Елші, Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметтеріндегі тәжірибесі
туралы әңгімеледі. Ол халықаралық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын және
болашақ дипломаттарға қажетті жоғары жеке және кәсіби қасиеттерді атап өтті.
Студенттер дәріске белсенді қатысып,
болашақ дипломат мамандығының қыр-сырлары туралы көптеген сұрақтар қойды.
Кездесу мазмұнды әрі тағылымды пікір алмасу форматында өтті.






