Экономика
жоғары мектебінің «Маркетинг» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттерінен
құралған команда 2025 жылғы 3–7 желтоқсан аралығында Алматы қаласында өткен
Каспий қоғамдық университетінің базасында ұйымдастырылған TEAM BATTLE 2025
халықаралық ара вуздық жобасына қатысты. Бағдарлама аясында студенттер мен
жетекші барлық іс-шараларға: байқаулық тапсырмаларға, аналитикалық модульдерге
және презентациялық сессияларға белсенді қатысты.
Қатысушылар
Алматы қаласындағы сұлулық салондарында маркетингтік зерттеу жүргізіп, жобаның
практикалық бөлігін сәтті аяқтады. 2025 жылғы 5 желтоқсанда Каспий қоғамдық
университетінде жоба бойынша ресми қорғаныс өтті. Студенттер жоғары дайындық
деңгейін көрсетіп, қойылған міндеттерді сәтті орындап, маркетинг құралдарын
сенімді меңгергенін дәлелдеді. Байқау қорытындысы бойынша студенттер белсенді
қатысқандары үшін сертификаттармен марапатталды. TEAM BATTLE 2025 жобасына
қатысу олардың кәсіби тәжірибесін арттыруға және жоғары оқу орындары арасындағы
өзара ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.
Университет басшылығына республикалық деңгейдегі
тәжірибеге бағытталған іс-шараларға қатысу мүмкіндігін және көрсеткен қолдауы
үшін алғыс білдіреміз!


