2025 жылғы 22-25 сәуір аралығында Астана халықаралық университеті сіздерді «AIU-2025: Қазақстан және халықаралық білім беру кеңістігі: болашақ үшін ынтымақтастық» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады. Конференция Ғылым күніне орай ұйымдастырылып, білім мен ғылыми жетістіктермен алмасуға, инновациялық идеяларды талқылауға арналған маңызды алаңға айналады.
Қатысуға шақырылады:
✔ Қазақстан мен әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары
✔ Түрлі саладағы зерттеушілер мен мамандар 🔬📚
✔ Жас ғалымдар, докторанттар, магистранттар және студенттер 🎓
Конференцияның тең ұйымдастырушылары:
✔ Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы, Астана, Қазақстан
✔ Пекин тіл және мәдениет университеті, Бейжің, Қытай
✔ Чатрапати Шаху Джи Махарадж университеті, Канпур, Үндістан
✔ И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті, Бішкек, Қырғызстан
✔ Томск мемлекеттік университеті, Томск, Ресей
Конференция Білім мен ғылымның өзекті мәселелерін талқылауға арналған ашық алаң болып табылады.
Конференцияның мақсаты – тұрақты даму, ғарыштық технологиялар, цифрландыру және білім беру реформалары саласындағы ғылыми зерттеулерді арттыру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және шешімдерді табу үшін ашық ғылыми алаң құру.
Форматы: гибридті – пленарлық сессиялар, дөңгелек үстелдер, секциялық отырыстар және шеберлік сыныптар.