Заң клиникасы

Заң клиникасы азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсетеді. Көмек, оның ішінде консультация беру, ақпараттандыру, құжаттар жасау нысанында көрсетіледі. Кеңес құқықтың барлық салалары бойынша бакалавриаттың жоғары курс студенттері мен магистранттар Жоғары құқық мектебінің жетекші оқытушыларының көмегімен беріледі.

 

Көрсетілетін көмек көлемі заң клиникасында волонтерлік негізде жұмыс істейтін студенттердің, оқытушылардың мүмкіндіктерімен шектеледі. Заң клиникасы барлығына бірдей көмектесе алмайды, бірақ өз клиенттері алдында шеше алатын сұрақтармен, міндеттемелері бойынша барлық мүмкін көмекті міндетті түрде көрсетеді.

 

Заң көмегі көрсетілуі мүмкін:

- Құқық жоғары мектебі орналасқан АХУ-нің корпусындағы жеке қабылдауларда.

- электрондық пошта арқылы қашықтықтан (қашықтықтан кеңес беру),

 

Заң клиникасының жетекшісі - Сеилханов Жанат Дүйсенбайұлы