Қазіргі әлем педагогтан тек
білімді ғана емес, сонымен қатар шығармашылықпен ойлауды, инновациялық
технологияларды қолдануды және өзгерістерге ашық болуды талап етеді. Біздің
мақсатымыз – дәстүр мен заманауи әдістерді ұштастыра отырып, білім беру мен
тәрбиелеу саласында заманауи педагогикалық тәжірибелерді қалыптастыра алатын
мамандарды дайындау.
Педагогикалық институт
бакалавриат пен магистратура деңгейінде кең ауқымды білім беру бағдарламаларын
жүзеге асырып келеді. Институт құрылған сәттен бастап жаратылыстану,
гуманитарлық және психология-педагогикалық бағыттар бойынша мамандар даярлауда:
физика, биология, химия, информатика, математика, география, педагогика және
психология, мектепке дейінгі білім беру, бастауыш оқыту әдістемесі, екі шет
тілін оқыту және басқа да бағыттар бойынша. Сонымен қатар халықаралық
бағдарламаларға, қос дипломды жобалар мен академиялық алмасуларға ерекше назар
аударылады. Институттың серіктестері қатарында Пекин тіл және мәдениет
университеті (BLCU, Қытай) бар.
Институттың басты
артықшылығы – негізгі теориялық дайындық пен тәжірибеге бағытталған оқытудың
үйлесімі. Студенттер заманауи педагогикалық технологияларды меңгеріп, ғылыми
жобаларға қатысады, мектептерде тәжірибеден өтеді, кәсіби және коммуникативтік
дағдыларын дамытады.
Педагогикалық институт
халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп, ғылыми бастамаларға, конференцияларға
және білім алмасу бағдарламаларына белсенді қатысады. Біз студенттердің
әлеуетін ашуға және олардың кәсіби дамуына барлық жағдайды жасаймыз.
Институт түлектері
мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында және білім беру ұйымдарында
табысты еңбек етуде. Олар жоғары кәсібилік танытып, заманауи оқыту және
тәрбиелеу әдістерін қолданады, басшылық лауазымдарды иеленіп, Қазақстанның
білім беру жүйесінің дамуына үлес қосуда.
Біз студенттеріміз бен
оқытушыларымыздың жетістіктерімен мақтанамыз. Біздің институт – бұл тек білім
ордасы емес, ол – тұлғаның және қоғамның дамуына қызмет ететін ортақ көзқарас
пен идея біріктірген қауымдастық.
Біз әрдайым өзін
жетілдіруге, үйренуге және білім нұрын өзгелерге таратуға ұмтылған жастарды
институтымызда көруге қуаныштымыз.
Педагог мамандығы – ең
абыройлы және маңызды кәсіптердің бірі, өйткені дәл ұстаз әр адамның қабілетін
ашып, қоғамның болашағын қалыптастырады.

























































