2025 жылғы 12 мамырда Ресей Федерациясы
Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің Салалық нарықтар кафедрасының аға
оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты, «Имплемента» консалтинг
компаниясының жобалар жетекшісі Евгения Александровна Попова ашық қонақ дәрісін
өткізді. Евгения Александровна Ресей мен әлемдік мұнай-газ өнеркәсібінің
экономикалық, қаржылық және салықтық аспектілері бойынша зерттеулер жүргізеді,
инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалап, салалардың даму болжамын жасайды.
Экономика жоғары мектебінің бакалавриат
студенттері үшін «Мұнай-газ саласындағы декарбонизация үрдістері: теория және
практика» тақырыбында дәріс өткізілді. Лектор қазіргі кезде мұнай-газ
компаниялары өндірістік қызмет жүйесіне декарбонизацияны белсенді түрде енгізіп
жатқанын атап өтті. Декарбонизацияға қатысты шешім қабылдау қарқыны әр
компанияның өндірістік-технологиялық жүйелерінің ауқымы мен күрделілігіне,
сондай-ақ олардың жылдам трансформацияға бейімділігіне байланысты.
Ынтымақтастығы үшін серіктестеріміз — Ресей
Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің Салалық нарықтар
кафедрасына алғысымызды білдіреміз!