Астана халықаралық университетінің Құқық Жоғары мектебінің (AIU) 1 курс магистранттары "Bilim zhane Bolashak"ғылыми-зерттеу жұмыстарының III халықаралық конкурсына белсенді қатысты.
Қатысушылар арасында Аманов А. пен Төлеген Б. қатысушы сертификаттарының иегерлері атанды. Өз секцияларында құрметті екінші орын алған Каирбекова И. мен Ақанов Н. ерекше жетістіктерін көрсетті. Олардың жұмыстарына ғылыми басшылықты заң ғылымдарының кандидаты, AIU профессоры — Иманбаев Серік Марденұлы жүзеге асырды, оның қолдауы мен кәсіби тәлімгерлігі қатысушылардың әрқайсысының дамуына елеулі үлес болды.
Ғылыми мақала жасау тек академиялық жұмыс емес, кәсіби болашаққа деген стратегиялық инвестиция. Бүгінгі магистранттар - ертеңгі оқытушылар мен зерттеушілер, олар өз іс-әрекеттерін талдай білуі, жүргізілген зерттеулерден практикалық тұжырымдар алуы және білім беру процесіне инновациялық тәсілдерді енгізуі қажет.
Мақала жазуды үйрету - болашақтың саналы, әдістемелік сауатты оқытушыны қалыптастыруға инвестиция құю деп білеміз.
Байқаудың финалы 8 мамырда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің базасында өтті. Биылғы жылы іс - шара онлайн форматта өтті және жаңадан бастаған ғалымдар мен студенттер үшін идеядан ғылыми жарияланымға дейінгі жолды игерудің бірегей мүмкіндігі болды.
Байқаудың айрықша ерекшелігі оның білім беру бағыты болды: қатысушылар өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсынып қана қоймай, академиялық жазу бойынша оқыту вебинарларының сериясынан өтті, DeGruyter және Brill сияқты халықаралық платформалар мен баспаларға қол жеткізді, сондай-ақ ғылыми шолу процесінің қалай жұмыс істейтінін білді. Олардың жұмыстарын Қазақстанның және басқа елдердің оқытушылары мен ғалымдары бағалады, бұл қатысушыларға академиялық қоғамдастықтың толыққанды мүшелері ретінде сезінуге мүмкіндік берді.
Көптеген магистранттар үшін бұл ғылыми презентацияның алғашқы тәжірибесі және кәсіби өсуге бағытталған маңызды қадам болды.
Байқаудың өзі Әзербайжан мемлекеттік педагогикалық университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің әріптестерінің көмегімен East-West ғылыми-әдістемелік журналы мен Жетісу университеті арасындағы табысты ынтымақтастықтың үлгісі болды.
Байқаудың бастамашысы және модераторы - әлеуметтік ғылымдар магистрі, Абай атындағы ҚазҰПУ аға оқытушысы Исалиева Сәуле Темірбайқызына жас ғалымдар арасында зерттеу мәдениетін дамытуға қосқан баға жетпес үлесі үшін ерекше алғыс айтылады.
Бұл байқауға қатысу үлкен ғылыми жетістіктерге жетудегі алғашқы қадам болсын!