2025 жылғы 12 мамырда Astana International University-де жергілікті атқарушы орган (МЖБ) гранты бойынша оқитын 4-курс студенттері Астана қаласының білім басқармасы өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында басқарма өкілдері түлектерді бөлу тәртібі, грантты өтеу талаптары, мектептерге жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат беріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Іс-шара түлектерге грантты өтеу шарттарын тереңірек түсінуге және білім беру саласындағы кәсіби дамудың ықтимал бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді.
Барлық қатысушыларға белсенділік пен қызығушылық танытқандары үшін алғысымызды білдіреміз!