«AIU-2025: ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІ: БОЛАШАҚ ҮШІН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ АЯСЫНДА «ІС ЖҮЗІНДЕГІ КӨШБАСШЫЛЫҚ: СТИЛЬДЕР МЕН ШЕШІМДЕР» ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫ

2025 ж. 21 сәу., дс, 10:07

22 сәуір, 15.00–17.00, Экономика жоғары мектебі, 204 аудитория, 5 корпус, Ақын Сара көшесі, 11

 

Мектепте жұмыс істейсіз бе және көшбасшылық дағдыларыңызды жетілдіргіңіз келе ме? Онда сізді мектеп жүйесіне арналған ашық мастер-класқа шақырамыз. Бұл жерде теория емес — шынайы диалог, өмірден алынған нақты кейстер және тәжірибеде қолдануға болатын құралдар ұсынылады. Мастер-класс серпінді, ашық және тәжірибеге бағытталған форматта өтеді. Ол мектеп жүйесінде жұмыс істейтін барлық мамандарға арналған: директорлар, оқу ісінің меңгерушілері, әдіскерлер, кураторлар мен көшбасшылыққа ұмтылатын мұғалімдерге пайдалы болады.

Тіркелу (міндетті): https://docs.google.com/forms/d/1B1N2-LefTXdgGVdTAfFp8Vl9FK9sT6o0Um5sJFqV0oQ/viewform?edit_requested=true

 


135