AIU студенттері Coventry University Kazakhstan базасында өткен II Орталық Азия медиафорумына қатысты

2025 ж. 18 сәу., жм, 09:50

17 сәуір күні Астанадағы алғашқы британдық университет — Coventry University Kazakhstan 🇬🇧 кампусында II Орталық Азия медиафорумының маңызды іс-шараларының бірі өтті.

Іс-шараға халықаралық медиа өкілдері мен жоғары деңгейлі спикерлер қатысты. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек (@sayasatnurbek) «Қазақстан – академиялық хаб» тақырыбында баяндама жасады.

Бағдарлама аясында Coventry University Kazakhstan университетінің қызметі таныстырылып, аймақтағы трансұлттық білім беруді дамытуға қосқан үлесі атап өтілді.

Astana International University атынан аударма ісі білім беру бағдарламасының 3-курс студенттерінен құралған 20 студент қатысып, халықаралық журналистика мен медиакоммуникация салаларындағы заманауи трендтермен танысуға, кәсіби ортада аударма жасау тәжірибесін арттыруға және медиа мен білім арасындағы байланысты терең түсінуге мүмкіндік алды.

Ұйымдастырушыларға шақырту мен студенттерімізге осындай маңызды шараға қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғысымызды білдіреміз!


150