AIU өкілдерінің «Дара зерттеуші» мектептік ғылыми жобасына қатысуы

2025 ж. 15 сәу., сс, 07:06

Ғылым күніне орай №101 орта мектепте «Дара зерттеуші» жобасы аясында «Ғылыми жоба – білім жетістігі» атты мектептік ғылыми жобалар байқауы өтті.

Құрметті қонақтар және қазылар алқасының мүшелері ретінде Еуразия ұлттық университетінің және Астана халықаралық университетінің ғалымдары шақырылды.
AIU-дың өкілдері:

·                     Нұрғалиева Дәмен Аукиловна – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, химия, биология және география пәндерінің бағыты жетекшісі;

·                     Нұрғазина Гүлнар Мұрзақанқызы – PhD, химия пәнінің аға оқытушысы.

Байқау аясында 1–11 сынып оқушылары өздерінің ғылыми және шығармашылық жобаларын ұсынып, зерттеу қызметіне деген қызығушылықтарын және өзекті тақырыптарды заманауи тәсілдермен зерделеуін көрсетті.

Барлығы 80 оқушы байқауға қатысты. Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға болашақ кезеңдерде жетістіктер мен ғылыми жолдарына шабыт тіледі.


144