«Аңсарсыз өмір» кураторлық сағаты: саналы таңдау — салауатты болашақ кепілі

2025 ж. 9 сәу., ср, 10:54

2025 жылғы 7 сәуірде Жаратылыстану жоғары мектебінде РГиТ-24Б тобында «Аңсарсыз өмір» тақырыбында кураторлық сағат өтті. Шараны топ кураторы — Смаилов Адильхан Арманұлы өткізді.
Кездесу тақырыбы аса маңызды және өзекті — нашақорлықтың алдын алу және өмірге саналы көзқарас қалыптастыру.
Кураторлық сағат барысында зиянды әдеттерге бой алдыру себептері, олардың салдары, сондай-ақ байсалды ойлаудың және салауатты өмір салтының құндылығы талқыланды.
Студенттер пікірталасқа белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісіп, өмірді қалай мағыналы әрі қауіпсіз етуге болатыны жөнінде ой қозғады.
Мұндай іс-шаралар жауапты дүниетанымды қалыптастыруға және жастардың салауатты болашақты саналы түрде таңдауға көмектеседі.
РГиТ-24Б тобына маңызды әлеуметтік тақырыпқа белсенді қатысқандары мен саналы көзқарастары үшін алғыс білдіреміз!
Аңсарсыз өмір — шынайы еркіндікке апарар жол!


227