19 ақпаннан
бастап Астана халықаралық университетінде француз тілін ауызша дамытуға
арналған франкофондық клуб өз жұмысын бастады. Клуб кездесулері әр сәрсенбі
сайын сағат 18:30-да Франция Елшілігінің өкілі мырза Колен мен "шетел тілі: екі шетел тілі" мамандығының студенттерінің қатысуымен өтеді.
Клубтың мақсаты –
студенттерге француз тілінде еркін сөйлеуге мүмкіндік беру, тілдік дағдыларын
жетілдіру және Франция мәдениетімен жақынырақ танысу. Кездесулер барысында
қатысушылар өзекті тақырыптарды талқылап, диалогтар жүргізіп, интерактивті
іс-шараларға қатысады.
Француз тілі мен
мәдениетіне қызығушылық танытқан барлық студенттерді франкофондық клубқа
қосылуға шақырамыз!