ReStart: Тұрақты болашаққа бірге қадам басайық!


















ReStart — жастар арасында қалдықтарды бөлек жинау мен пластикті дұрыс сұрыптау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, он жылдан астам тарихы бар «3.2.1. Старт!» жобасының жаңартылған нұсқасы.
2025 жылы жоба жаңа атауға ие болып, өз миссиясын кеңейтті және Қазақстанның көптеген жоғары оқу орындарын қамтыды. Бүгінде ReStart студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға және күнделікті өмірде экологиялық әдеттерді дамытуға бағытталған.
2025 жылғы 15 қазанда Азаматтық форум аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, CCI Kazakhstan және «Жасыл экономика» мен G-Global-ды дамыту коалициясы арасында жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойылды. Бұл мемлекет, бизнес және қоғамның күш-жігерін біріктіріп, жастар арасында экологиялық мәдениетті дамытудағы маңызды қадам болды.
Астана халықаралық университеті ReStart жобасын белсенді қолдап, нақты нәтижелерге қол жеткізді.
2025–2026 оқу жылында университет студенттері 2045,83 кг пластикті жинап, қайта өңдеуге тапсырды. Бұл тек қалдықтарды азайтуға қосылған үлес қана емес, сонымен қатар студенттердің экологиялық жауапкершілігінің жоғарылағанын көрсетеді.
Ең бастысы, жоба аясында студенттер пластик қалдықтарын сұрыптап қана қоймай, бір реттік пластикті тұтынуды азайтып, экологиялық саналы өмір салтын қалыптастыруда.
Жобаның үйлестірушісі, Жаратылыстану жоғары мектебінің оқытушысы Қыдырова Айдана Саламатқызы ReStart жобасының кураторлары арасында ІІ орынға ие болды.
Жоба БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуге үлес қосады:
ТДМ 4 – «Сапалы білім беру» – студенттердің экологиялық сауаттылығын арттыру;
ТДМ 12 – «Жауапты тұтыну және өндіріс» – қалдықтарды бөлек жинау мен пластикті қайта өңдеуді дамыту;
ТДМ 13 – «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» – қалдықтарды азайту арқылы қоршаған ортаға түсетін жүктемені төмендету;
ТДМ 17 – «Тұрақты даму мақсаттарындағы серіктестік» – білім беру ұйымдары, мемлекет, бизнес және қоғамдық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
2045,83 кг пластик студенттердің белсенділігінің арқасында екінші өмірге ие болды. Бұл – таза қоршаған ортаға, тұрақты дамуға және болашақ ұрпақ үшін жасыл болашақ құруға қосылған нақты үлес.
Бөлісу:
Фотогалерея








