МЕНЕДЖМЕНТ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ






Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Менеджмент» білімберу бағдарламасы бойынша өткізілген XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиаданыңқорытындысы шығарылды. Олимпиаданың ұйымдастырушысы – AlmaU. Астана халықаралықуниверситетінің атынан олимпиадаға «Менеджмент» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері, Менеджмент 23А тобының білім алушылары қатысты: Мағзұмов Ерасыл Зангарұлы, ҚалдыбаеваБалнұр Айтуқызы, Сүлеймен Бекслан Исаұлы.
Команданы дайындау жұмыстары Астана халықаралық университетінің қауымдастырылғанпрофессоры, PhD Насырова А.М.-ның ғылыми жетекшілігімен жүргізілді. Олимпиада қорытындысыбойынша AIU-дың «Apex» командасы теориялық дайындықтың жоғары деңгейін, кәсіби білімін, аналитикалық қабілеттерін және командалық жұмыс дағдыларын көрсетіп, Қазақстан Республикасыжоғары оқу орындары командалары арасында құрметті III орынды иеленді.
Команда мүшелері мен ғылыми жетекшіні лайықты жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағыуақытта да толағай табыстар, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!
Бөлісу:
Фотогалерея




