Қайырымдылық – жүректен басталады












9 сәуір күні Астана Халықаралық Университетінің «География» білім беру бағдарламасы
студенттері Қараөткел кентінде тұратын Искендерова Газиза апаның отбасына барды. Бұл отбасы
ерекше қолдауды қажет етеді: анасы жеті баланы тәрбиелеуде, балаларының бірі – ДЦП
диагнозымен тіркелген, ал әкесі ауыр дертпен күресуде.
Кездесу барысында студенттер отбасының жағдайымен танысып, қолдау көрсетті. Сонымен қатар,
13–19 сәуір аралығында өткен География апталығы аясындағы қайырымдылық жәрмеңкесінен жиналған қаражат табысталды. Іс-шараға 1–2 курс студенттері белсенді қатысып, игі іске өз үлестерін қосты.
Осындай бастамалар жастардың мейірімділік, жанашырлық және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді. Отбасы өз алғысын білдіріп, ақ тілектерін жеткізді.
Бөлісу:
Фотогалерея






