NAURYZ FEST – Жаңару энергиясы

2026 ж. 20 нау., жм, 10:54

AIU университетінің қабырғасында «NAURYZ FEST – Жаңару энергиясы» атты салтанатты іс-шара өтті. Көктемнің келуімен үндескен бұл мереке тек табиғаттың ғана емес, білім ордамыздың да жаңару мен бірлікке ұмтылысын паш етті. Мерекелік кештің шымылдығын университет ректоры Анар Базарқызы Мырзағалиева құттықтау сөзімен ашып, Buddy Program бағдарламасының белсенділеріне алғыс хат табыстады. Бағдарлама қатысушылары академиялық ұтқырлықпен келген шетелдік студенттерге «бадди» ретінде қолдау көрсетіп, олардың тез бейімделуіне, туындаған мәселелерін шешіп, университет өміріне сіңіп кетуіне зор үлес қосты. Осы ерен еңбектерінің арқасында шетелдік студенттеріміз өздерін өз үйлеріндегідей сезінді. Бұл Наурыздың шекара талғамайтын, барлық ұлттар мен ұлыстарды біріктіретін ортақ мереке екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Мереке барысында барлық жоғары мектептер мен Педагогикалық институттың оқытушылары мен студенттері ерекше жарқын сәттер сыйлады. Білім ордамыз нағыз мәдениет ошағына айналып, ұлттық ойындар, мазмұнды көріністер мен интерактивті белсенділіктерге толды. Студенттер ұлттық мерекені заманауи форматта атап өтіп, көтеріңкі көңіл-күй мен жаңару энергиясын сезіне алды.


177