2026 жылдың 17 наурыз күні №108 келешек орта мектебінде кәсіби бағдар беру
мақсатында Астана Халықаралық университетінің 6В01501–Информатика білім беру
бағдарламасының аға оқытушысы Жамалова Самал Арыновна үгіт-насихат жұмыстарын
жүргізді.
Іс-шара барысында мектеп бітіруші түлектерге университеттің білім беру
бағдарламалары, ұсынылатын мамандықтар тізімі, қабылдау талаптары және грант
мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар, студенттік өмір,
академиялық ұтқырлық бағдарламалары және түлектердің болашақта жұмысқа орналасу
перспективалары жан-жақты түсіндірілді.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі
мазмұнды жауаптар алды. Мектеп бітіруші түлектер жоғары белсенділік танытып,
болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға қажетті маңызды мәліметтермен
танысты.
Аталған іс-шара жастардың кәсіби бағдарын айқындауға және олардың болашақ
білім беру бағытын дұрыс таңдауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып
табылады.



