AIU-да ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Олег Копыловтың қонақ дәрісі өтті

2026 ж. 16 нау., дс, 12:58

2026 жылы 16 наурызда Astana International University-де Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) Бас хатшысының Ресей Федерациясынан тағайындалған орынбасары Олег Копыловпен маңызды кездесу өтті. Мәртебелі мейманның сапары ұйымның 25 жыл мерейтойымен тұспа-тұс келді. 

Іс-шара Олег Копыловтың университет басшылығымен ресми кездесуінен бастау алды. Тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастықтың келешегін және ШЫҰ бастамаларын дамытудағы академиялық ортаның рөлін талқылады. Кездесу «Халықаралық қатынастар» және «Аударма ісі» бағдарламаларының студенттеріне арналған қонақ дәріспен жалғасты.

Баяндама ұйымның ширек ғасырлық тарихына арналды. Спикер ШЫҰ-ның қалыптасу кезеңдеріне, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөліне және қатысушы мемлекеттер арасындағы экономикалық әрі мәдени-гуманитарлық байланыстарға тоқталды. Болашақ дипломаттар мен аудармашылар үшін бұл шара ең ірі халықаралық ұйымдардың бірінің ішкі жұмыс барысымен танысып, Еуразия кеңістігіндегі өзекті мәселелер бойынша тікелей сұрақ қоюға берілген бірегей мүмкіндікке айналды.



148