Студенттер зорлық-зомбылықтың психологиялық аспектілері туралы лекция өткізді

2024 ж. 4 жел., ср, 12:00

4 желтоқсанда Астана Халықаралық Университетінде психологиялық маңызды

іс-шара өтті. «Психология-23Б» тобының (6В03103, 2 курс)

студенттері Нурпеисова Тамирис пен Мустафина Самира «Психологические

аспекты новых видов насилия: как распознать и защитить себя?» атты лекция

ұйымдастырды.

Іс-шара сағат 12:45-те 506 аудиторияда өтті. Лекция барысында қазіргі заманғы

зорлық-зомбылықтың жаңа түрлері, оларды ерте кезеңде тану және

психологиялық қорғану әдістері талқыланды. Бұл бастама студенттердің өзекті

мәселелерді көтерудегі белсенді азаматтық ұстанымын көрсетеді.


82