Психотерапевт шеберлігі: Галина Тимошенконың қонақ дәрісі

2025 ж. 17 қар., дс, 06:00

17 қарашада Астана Халықаралық Университетінде психология мамандығының

студенттері үшін ерекше қонақ дәрісі өтті. Психология ғылымдарының кандидаты,

Мәскеудегі «Метафорикалық психотерапия институтының» ғылым жөніндегі

директордың орынбасары, «Понять. Простить» телебағдарламасының жүргізушісі, 35

ғылыми және ғылыми-көпшілік кітаптардың авторы Галина Тимошенко «Ремесло

психотерапевта» тақырыбында дәріс оқыды.

Іс-шара сағат 14:00-те В208 аудиториясында өтті. Дәріс барысында спикер

психотерапевтік практиканың қыр-сырымен, маманның кәсіби даму жолындағы

маңызды аспектілермен және клиенттермен жұмыс істеудің тиімді әдістерімен бөлісті.

Студенттер мен оқытушылар танымал психологпен тікелей диалогқа түсіп, кәсіби

сұрақтарына жауап алды.


80