Стресс, мазасыздық және депрессия: интерактивті лекция өтті

2025 ж. 22 қар., сб, 04:22

21 қарашада Астана Халықаралық Университетінде «Стресс, мазасыздық және

депрессия арасындағы айырмашылықтар» тақырыбында интерактивті лекция

ұйымдастырылды. Іс-шара сағат 10:00-де 213 аудиторияда өтті.

Лекцияға университеттің әртүрлі білім беру бағдарламаларының студенттері

қатысты. Қатысушылардың басым бөлігін «Психология» мамандығының

(6В03103) студенттері құрады. Лекция барысында эмоционалдық күйлердің

негізгі белгілері, олардың пайда болу себептері және ажырату жолдары

талқыланды. Интерактивті формат студенттерге сұрақ қоюға және практикалық

мысалдарды талдауға мүмкіндік берді.


70