«Адал ұрпақ» Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы клубы аясында Астана халықаралық университеті Құқық жоғары мектебінің
бірінші курс студенттері арасында өзекті әрі пікірталас тудыратын тақырыпта
дебаттар өткізілді:
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық
құқықтық па, әлде мәдени мәселелердің салдары болып табыла ма?»
Зияткерлік сайысқа әртүрлі білім
беру бағдарламаларының командалары қатысты:
🔹 «Юриспруденция 25Б» тобы
– Калакова Дана
– Мұратұлы Мадихан
🔹 «МП 25Б» тобы
– Никогосян Марям
– Зейнуллаева Анель
🔹 «Құқық 25А» тобы
– Қанағат Дана
– Шапағат Ляззат
🔹 «Халықаралық құқық 25А» тобы
– Султанов Адлет
– Орынғали Нұрдәулет
Дебат форматы қатысушылардан
жоғары дайындық пен терең талдауды талап етті. Үздік спикерлерге Қазақстан
Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты жеке
тақырыптар ұсынылды. Қатысушыларға дайындалуға 15 минут уақыт беріліп, интернет
пен ұялы телефондарды пайдалануға тыйым салынды. Бұл олардың құқықтық ойлау
деңгейін, дәлел келтіру шеберлігін, эрудициясын және шешендік қабілеттерін
объективті бағалауға мүмкіндік берді.
Қорытынды бойынша үздік спикерлер
анықталды:
🏆 Калакова Дана — «Юриспруденция 25Б» тобының студенті;
🏆 Султанов Адлет — «Халықаралық құқық 25А» тобының
студенті.
Командалық есепте «Құқық 25А»
және «МП 25Б» топтары ерекше көзге түсіп, ұйымшылдықтарын, ұстанымдарының
дәйектілігін және сындарлы пікірталас жүргізу қабілеттерін көрсетті.
Аталған дебаттар сыни ойлауды,
құқықтық пікірталас мәдениетін және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытуға
бағытталған маңызды алаң болды. Мұндай іс-шаралар болашақ заңгерлердің
әлеуметтік және құқықтық мәселелерді терең түсінуіне, сондай-ақ оларды кешенді
түрде шешу жолдарын іздестіруіне ықпал етеді.
Өткізілген дебаттар Құқық жоғары
мектебі студенттерінің жоғары дайындық деңгейін, белсенді азаматтық ұстанымын
және кәсіби дамуға деген ұмтылысын тағы бір мәрте дәлелдеді. Алынған тәжірибе
олардың болашақ академиялық және кәсіби жетістіктеріне берік негіз болатынына
сенім білдіреміз.
