AIU ғалымы мемлекеттік марапаттар биігінен көрінді!

2026 ж. 16 ақп., дс, 06:10

Астана халықаралық университетінің «NatureLaB» зертханасының меңгерушісі, Жаратылыстану жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры міндетін атқарушы, PhD Айдын Ерғалиұлы Оразов еліміздің ғылым және білім саласындағы ең жоғары марапаттарын иеленді. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешіміне сәйкес, ғалым бір мезгілде Мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері атанып, сонымен қатар   «ЖОО үздік оқытушысы – 2025» деп танылды.

Мемлекеттік ғылыми стипендия – Отандық ғылымды дамытуға елеулі үлес қосқан, іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізіп, ғылыми кадрларды даярлауда жоғары нәтижелерге қол жеткізген ғалымдарға берілетін беделді марапат. Бұл жетістік Айдын Ерғалиұлының «NatureLaB» зертханасы аясында атқарып жатқан ғылыми зерттеулерінің жоғары деңгейде екенін айғақтайды. Оған қоса, «Үздік оқытушы» атағы ғалымның кәсіби шеберлігі мен жас мамандарды тәрбиелеудегі қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Аталған марапаттар ғылым мен білім саласының үздіктерін ұлықтауға арналған салтанатты рәсімде табыс етілді. AIU ұжымы Айдын Оразовты лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтайды!


194